Көптеген адамдардың азаматтық бел- сенді ұстанымдары жоғары. Олар өз құқық- тары туралы айғайлауға дейін бар, алайда істің мәніне келгенде, олардың қызбалықтары су сепкендей басылады. Өйткені, ол сот талқылауларынан аулақ болғанды қалайды. Негізінде сот өндірісі қорқынышты емес, тек адамдардың тәжірибесі аз. Жанжалды немесе дауларды сот тәртібінен тыс реттеудің қандай тәсілдері бар екен?

Сот тәртібінен тыс тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мынадай тәсілдері бар: Тұтынушы өз еркімен өзінің құқығын қорғау туралы жазбаша немесе ауызша тәртіпте тікелей сатушыға немесе әкімшіге жүгінеді. Көптеген жағдайда қорғаудың аталған тәсілі кезінде дау шешімін табады.

Мысалы: Тұтынушы сауда үйінде балалар ойыншығын сатып алады және сатушыдан чек сұрайды («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 18-бабы), алайда сатушы чек беруден бас тартады. Тұтынушы құқығының бұзылғандығы туралы сауда үйінің әкімшісіне жүгінеді. ҚР Салық кодексінің 644-бабы 5-тармақшасына сәйкес бақылау чегі – бақылау-касса машинасының сатушы (қызмет көрсетуші тауарды, жұмысты, қызметті жеткізуші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есеп құжаты.

Сауда үйінің әкімшісі істің мән-жайына қанық болғаннан кейін сатушыға барып, оның міндеттері туралы түсіндіре отырып тауарға ақы төлеу фактісін растайтын құжатты беруін сұрайды, содан кейін сатушы тұтынушыға тауарға ақы төлегені туралы чекті береді.

Мысалы: Тұтынушы аяқ киім өлшей отырып, оны суретке түсіріп алғысы келді, бірақ оған дүкенде «фото және бейне-түсірілімге тыйым салынады» деген тақтайша ілініп тұрғаны туралы ескерту жасады, бірақ, («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы- ның 24-бабы) негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көздел- ген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Тұтынушы Заңның осы бабын көрсете отырып, өзінің құқықтары- ның бұзылуы туралы өтінішпен дүкеннің әкімшілігіне жүгінді. Нәтижесінде әкімшілік ескертуді назарға алып, бұзушылықты жойды.

Тұтынушы өзінің құқықтарын қорғау туралы өтінішпен тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне жүгінеді.

Мысалы: Тұтынушы қымбат косме-тикалық өнімді сатып алады, сатып алу-сату туралы шарт жасасады. Келесі күні тұтынушы косметикалық өнімнен бас тартуды ұйғарады. Сатушы тауар айырбастауға жатпайтын медициналық бұйым болып табылатындығын айтып, тауарды қайтып алудан бас тартады. Тұтынушы сатушының іс-әрекетіне шағымдана отырып, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне жүгінеді, ол тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін сатушының жауап беру мерзімін көрсете отырып, («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-бабындағы тәртіпте) жібереді. Нәтижесінде сатушы ақшаны қайтарып, тауарды қайтып алады.

Тұтынушы ҚР ҰЭМ Табиғи монополия- ларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне тұтынушыға консультативтік көмек көрсету туралы шағыммен жүгінеді.

Мысалы: Тұтынушы 14-күндік мерзімде қайтарып беруді ұйғарып, тұтынушыға ыдыс-аяқ жиынтығын сатқан «Х» жеке кәсіпкерге шағымданады. Сатушы тұтыну-шыға тауарды айырбастап беруден бас тартты. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілі («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабы 1-тармағының, 30-бабының 1-тармағының негізінде) тұтынушының құқықтарының бұзылғаны туралы «Х» ЖК-ның атына наразылықты қалай жазу керек екендігі туралы консультация береді.Тұтынушы жолдаған наразылықпен танысқаннан кейін сатушы кешірім сұрай отырып, ыдыс-аяқ жиынтығын қабылдап алып, тұтынушыға тауарды айырбастап берді.

Енді Сізге тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қандай тәсілдері бар екені мәлім. Осының барлығын практикада қолданыңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!

И.М.АХМЕТЖАНОВА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

Мақалада «Сіздің сарапшыңыз» журналының ақпараты қолданылды.

saryarka-samaly.kz