Қос мерекеге бұл күні халық көп жиналды. Ардагер ұстаздар, түлектер, қазіргі мұғалімдер ұжымы мен ата-аналар, павлодарлық, баянауылдық зиялы қауым өкілдері, оқушылар, сондай-ақ, Қайрат Мұзапарұлының мектепте, институтта бірге оқыған жолдас-жоралары Астана, Қарағанды мен Павлодар қалаларынан келіп, мектеп қуанышын бөлісті.

Айта кетелік, Баянауыл ауданының орталығында тұңғыш ашылған білім ордасына биылғы жылы 80 жыл тол- ды. Өзінің тарихында жүздеген, мың- даған оқушыны үлкен өмір жолына аттандырған киелі орда 1939 жылы іске қосылғанда Сұлтанмахмұт Торайғыров есімін иеленген екен. 1971 жылы белгілі актер, жерлесіміз, КСРО халық артисі Шәкен Айманов- тың есімі беріліпті.

Білім күніндегі салтанатта мектеп-интернат директоры Салтанат Досмағамбетова биылғы жаңа оқу жылындағы ахуалмен жиналғандарды таныстырды. Бір қуанарлығы, қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін мек- тепте оқушылар саны арта түскен екен. Өткен оқу жылында мектептен 36 тү- лек қанат қақса, биылғы жылы 40 бүлдіршін мектеп босағасын аттап, екі 1-сыныпқа қабылданды.

Өткен оқу жылында оқушы саны 451 болса, биылғы оқу жылын даяр- лық сыныбын қосқанда 490 оқушымен бастағалы отырмыз. 70-тен астам оқу үздігі, 140-қа жуық оқу озаты бар. Мектеп бойынша білім сапасы 61,2 пайызды құрайды, - деді мектеп басшысы.

Мектепте 77 мұғалім болса, олар- дың 20-дан астамы - жоғары санат- ты ұстаздар, тәрбиешілер арасында да білікті, тәжірибелі мамандар бар- шылық. Байқағанымыздай, білім ордасының материалдық-техни- калық базасы жақсарып келеді екен, заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалануға мән беріліп, аудио-кешенді оқу құралда-рына қол жеткізілген.

Мектептің мәжіліс залында өткен салтанатты жиында биыл алғаш мек- теп табалдырығын аттаған оқушылар ұстаздары Шынар Түсіпбекова мен Несіпжан Нұрғалиеваның баста-уымен сахна төріне ата-аналарымен шақырылып, қошемет көрсетілді. Еліміздің көк туы әкелініп, «Менің Қазақстаным» әнұраны орындалды.

Мерекеде Баянауыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әзілхан Әбеуов, ардагер ұстаз Темірбике Бопиқызы, мектеп-интернат директоры Салтанат Сейітжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, мұғалімдер мен оқушыларға ізгі лебіздерін білдірді. 1-сынып оқушылары, әнші, биші балалар өнер көрсетті. Қайрат Әбеновтің немерелері Әділжан мен Аружан аталарының «Баяным менің», «Тілек» атты өлеңдерін оқыды. Биылғы жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.

Бұл білім ордасында жыл сайын Білім күні 1-сынып оқушылары ағаш көшеттерін отырғызып, 11 жыл бойы әр бала өз ағашын күтімге алады екен. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты...

Бұдан кейін жиналғандар жаңадан жабдықталған кабинет алдындағы кең фойеге жиналып, мәжіліс құрып, Қайрат Мұзапарұлын еске алды.

Қайрат Әбенов 1938 жылы Баянауылда дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды мемле-кеттік педагогикалық институтының тарих–филология факультетін тәмам- дады. Еңбек жолын аудан мектепте-рінде мұғалім болып бастап, мектеп директоры, оқу-ағарту бөлімінде инспектор, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, партия-кеңес аппаратында жауапты қызметтер атқарды. «Семей-Невада» сынды қоғамдық қозғалыстарға белсене қатысты. Өмірден көрген-түйгені, оқыған-тоқығаны мол Қайрат Мұзапарұлы «Өмір тағылымы», «Рух нәрі – ұлы сөз», «Өмір өткелдері», «Бір ауыз сөз», «Есімі ел есінде» және «Өмір шіркін, өтесің бір күн» атты кітаптарын жарыққа шығарды.

Салтанатта белгілі қаламгер, ардагер ұстаз, ҚР Жазушылар одағы- ның мүшесі, ағарту ісінің үздігі Зекебай Солтанбаев, Павлодар мемле-кеттік педагогикалық университеттің ректоры, химия ғылымының докторы Алтынбек Нухұлы, Баянауыл ауданы- ның Құрметті азаматы Мұрат Рахметов, ардагер журналист Тұрсынбай Ибадуллин, Баянауыл ауданы мәсли- хат хатшысы Қасен Темірболат сөз сөйлеп, Қайрат Әбеновтің ағарту ісі, мәдениет пен өнердің өркендеуіне қосқан үлесіне тоқталып, осынау игілікті істі жүзеге асырған мектеп ұжымы мен Қ.Әбеновтің балаларына ризашылық білдірді. Белгілі айтыс- кер ақын Аспанбек Шұғатаев арнау жырын орындады. Сондай-ақ, Қайрат Мұзапарұлының алыс-жақыннан кел- ген сыныптастары естеліктерімен бөлісті.

Жаңадан арнайы жабдықталып, Қайрат Әбеновтің есімі берілген «Тарих-тіл-әдебиет» кабинетінің тұсаукесер рәсімі жасалды. Айта кетелік, сынып бөлмесінің талапқа сай безендірілуіне Қайрат Мұзапарұлы- ның баласы Ерқанат Әбенов айтарлықтай үлес қосқан екен... Сынып бөлмесінде оқушылар Қайрат Әбеновтің өлеңдерін оқыды, өмірі жайлы деректі фильм көрсетілді.

Қайрат Әбенов ұзақ жылдар облыстық «Сарыарқа самалы» газе- тінің тұрақты авторы болып, көпшілік ойындағы көптеген көкейтесті мәсе-лелерді қозғады, ана тіліміз жайлы да толғақты ойларын жариялап келді. Газеттің жанашыры бола білді, ара-тұра тәжірибесімен де бөлісіп, ақылшы аға ретінде қамқорлық танытатын абзал жан еді... Ұмытылмас!

Бұл күні Әбеновтер әулеті Баян-ауылдағы Мұса мырза мешітінде әке рухына құран бағыштап, ас берді.

Сая МҰСАБАЕВА, Баянауыл ауданы.

saryarka-samaly.kz