Салтанатты жиында 5 ана «Алтын алқа» иегері атанса, 10 ана «Күміс алқаны» мойнына тақты.

- Еліміздің басты байлығы – адам. Мемлекетіміз- дің гүлденуі мен дамуы үшін еліміздің демографиялық ахуалы қашан да маңызды. Сіздер, аяулы аналар, қоғамның айнасы іспеттісіздер. Қазақстандықтардың санын көбейтіп, басқаларға үлгі көрсеткендеріңіз үшін зор құрметке лайықты-сыздар. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін, - деді С.Мұқанов.

Сый-құрметке бөленіп, «Алтын алқа» иегері атан- ғандардың бірі - Ленин кентінің тұрғыны Әлия Тукатаева. Отыз жастағы ана бүгінде отағасы Асқар Тукатаевпен бірге 7 бала өсіріп, тәрбиелеп отыр. Тұңғыштары 12 жаста болса, кенжесі 2-ге толыпты. Мемлекет тарапынан жасалатын көмек арта түсетін болса, жас аналар да перзент санын көбейтер еді дейді ол.

Ағымдағы жылдың алғашқы 8 айындағы көрсет- кіш бойынша Павлодар қаласындағы 7 ана «Алтын алқаға», 17 ана «Күміс алқаға» ие болған. Көп балалы аналар ай сайын 15 392 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz