Олай дейтініміз, осы аптада кеншілер қаласында жаңа электр станциясы ашылды. Қалалық баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл нысан аталмыш кластерге жататын 7 зауыт пен ондағы теміржол құрылғыларын электр қуатымен қамтымақ.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек қолданысқа берілген станцияның маңыздылығына тоқталды.

- Павлодар облысы - Қазақстан экономикасы көшбасшыларының бірі. Бүгінде жоғары технологиялық өндірісті дамытудың нәтижесінде өңіріміз ІЖӨ айтарлықтай үлес қосып отыр. Ал қарқынды түрде дамып келе жатқан екібастұздық теміржол кластері заманауи әрі инновациялық кәсіпорындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін үздікс әрі сапалы электр қуатының жеткізілуін талап етті. Жоғары технологиялы және заманауи қосалқы станция кластердің барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктерін қамтиды. Бұл – мемлектетік-жекемен- шік әріптестік аясында мемлекеттің ұлттық өндірушілеріне көрсетіп отырған қамқорлығының озық үлгісі, - деді Ұ.Жазылбек.

Айта кетейік, жаңа станцияның есептік қуаты - 41,36 Мегавольт-ампер. Резервтегісін қосса, тіпті 80-ге жетеді. Яғни, кластерді үздіксіз электр қуатымен қамтуға қауқарлы. Яғни, ірі кәсіпорын «Проммашкомплект», теміржол осьтері мен дөңгелек жұптарын шығаратын «R.W.S.Wheelset» зауыты, теміржолға арналған қырлы бөренелер жасайтын «R.W.S. Concrete» зауытын, түрлі құрылғыларын өндіре- тін «R.W.S.BINDING» кәсіпорнын энер- гиямен қамтиды. Резервтік қуаты- мен әлі де кластерді екі есе кеңейтуге мүмкіндік мол.

«Railways Systems KZ» ЖШС бас директоры Артур Хачатурян да темір- жол кластерінің дамуына мемлекет тарапынан қолдаудың толастамағанын атап өтті. Жыл сайын өнім түрлері көбейіп келеді, деді. Аймағымызда осы бағыт бойынша 1500-ге жуық жұмыс орны ашылыпты.

Жалпы, станцияның құрылысына 2,5 млрд. теңге жұмсалған. Бұл қаражаттың 1,8 млрд. теңгесі «БРК- Лизинг» АҚ-нан лизингтік түрде алын- ған. Қалғаны - кәсіпорынның жеке қаражаты.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

saryarka-samaly.kz