Кеңсе тауарларының әр алуан болуы адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпті болады. Олардың құрамында улы компоненттер бар екендігі белгілі ме? Жылтырақтары бар және қараңғыда жанатын мультфильмдер мен сериалдардың кейіпкерлері балаларды ашық суреттермен және иістерімен еліктіреді - кеңсе бұйымдары бөлімінде бәрі бар.

Пенал, қалам мен қарындаштар, фломастерлер, шығармашылыққа арналған жиынтықтарды ата-аналар көптеп сатып алады. Бірақ жиі үздік баға емес, бас ауру, аллергия, демікпе, гипер белсенділік, ұйқысыздық пен тәбеттің нашарлауы пайда болады.

Қауіптің алдын қалай алуға және қауіпсіз балама табуға болады? Қарапайым қағидалар мыналар: бала үшін жаңа рюкзак немесе пенал сатып алған кезде материалдың сапасына назар аударыңыз. Өте жарқын түсті, иісі өткір заттарды алмаңыз. Табиғи талшықтан жасалған бұйымдарды таңдаңыз. Егер табиғи материалдардан жасалған тауар сатып алу мүмкіндігі болмаса, полиэстер немесе нейлоннан жасалған бұйымдар жақсы. Жапсырманың көмегі зор: рюкзактар мен пеналдарда құрамы, өндірген елі және күтім жасау бойынша ақпараты бар заттаңбалар бар.

Хош иістендірілген маркерлер мен қаламдарда жиі уытты компоненттер қолданылады, өндірушілер оның құрамын көрсетпейді. Су негізді және иіссіз маркерді сатып алыңыз. Өңделген ағаштан, картон мен газеттен жасалған қаламдар мен қарындаштардың түсі ашық болмаса да, 100 % уытты емес.

Балалар сурет салғанды өте жақсы көреді. Әрине фломастерлер ыңғайлы. Олар қарындаштардан, тіпті бояулардан гөрі ашық түсті, мерзімді ұштауды қажет етпейді. Алайда мамандар ең қымбат және сапалы фломастерде күрделі ұшатын заттар деп аталатын зат бар екендігін анықтады, ол тыныстаған кезде теріге өтіп, ағзада жиналады.

Ал егер фломастер арзан болса, уытты заттар қауіп-тірек болуы мүмкін. Иісі жоқ және суда еритін сиядан дайын- далған фломастерді сатып алған жөн.

Шығармашылыққа арналған жиынтықтар да қауіпсіз емес. Олардың құрамында уытты заттар болуы мүмкін. Құрамында ұсақ заттары бар жиынтықтар жоғары тыныс жолдарын жиі тітіркендіретініне назар аударыңыз. Пайда-лануға дайын су негізді табиғи пигменттері бар бояуды пайдаланыңыз. Бұл - акварель, гуашь, акварель борлар және акварель қарындаштар. Майлы және акрил бояуларды пайдаланбаңыз, олардың құрамында аммоний, полиакрилат және формальдегид болуы мүмкін.

Құрметті ата-аналар балаларыңызды сақтаңыздар!

Ә.Қ.КУЛАГИНА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушылар- дың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

saryarka-samaly.kz