«Атамекен» порталының мәліметінше, жалпы бұл банкте несиелер портфелінің 14,5 пайызы зейнеткерлерге тиесілі. Өткен жылы Халық банкі аталмыш бағдарлама бойынша 173 мың займ берген. Зейнет жасындағы азаматтар алған қарыздың орташа сомасы 450 мың теңгені құрап отыр. Сөйтіп, былтыр 71 млрд. теңге көлемінде несие рәсімделген. Енді мынаны қараңыз, биыл тек жарты жылда 77 млрд. теңгені зейнеткерлер несие түрінде алыпты.

Негізі, банктегі бағдарлама дәл осы қаржы институты арқылы зейнетақысын алатындарға арналып, 2011 жылы қабылданыпты.

Жалпы, Қазақстанда 3,5 млн. адам зейнетақы және жәрдемақы алушылар санатында. Олардың 2 миллионы Халық банкі арқылы ақшасын алады. Айтпақшы, Қазкоммерцбанктің қызметін көрген 600 мың адам да Халық банкіне ауысты. Осылайша, екі банк қосылғаннан кейін зейнетақы төлеу нарығының 70 пайызға жуығы аталмыш қаржы мекемесі арқылы ай сайынғы төлеміне қол жеткізеді. Ал 24 пайызына «Қазпочта» қызмет көрсетеді. Яғни, шалғайдағы елді мекендерге дейін тікелей жеткізіп береді.

Банкте кепілсіз займдар 4 млн. теңгеге дейін беріледі екен. Мұндай сомаға зейнеткерлер көбінде өзіне не баласына көлік сатып алатын көрінеді. Кейбір жандар өңірлерде баспаналы болуда.

Мамандардың айтуынша, зейнет- керлер қарызға келгенде өте мұқият, жан-жақты таразылап барып, қадам жасайды. Оған қоса, «ең тәртіптілері» де зейнет жасындағы азаматтар көрінеді. Яғни, уақытылы төлеу жағынан олар алдына жан салмайды.

Банктің талабы бойынша, зейнеткерлер- дің жасы 70-тен аспауы тиіс. «Зейнеткерлік несие» бағдарламасы арқылы берілетін займның максималды сомасы 4 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, ең ұзақ дегенде төрт жылға беріледі.

Бұл ретте, банктегі зейнеткерлік қарыздың қайтарылмау көрсеткіші де төмен. Небары 1,4 пайыз шамасында. Зейнет жасындағы тұрғындар міндет- темелерін уақытылы орындауға машық- танған. Мамандардың мәлідеуінше, зейнет жасындағы қарыз алушы немесе банк салымшысы қайтыс болған жағдайда несие берешегі немесе депозит жалпы құқықтық мирасқорлыққа өтеді. Бұл дегеніңіз, қарыз үшін мұрагерлері жауап береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда 2,2 млн. адамға зейнетақы төленеді. Олардың зейнетақысына қазынадан 2 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Банктың талабы бойынша алынған қарыз төленіп бітетін уақытта зейнеткердің жасы 70-тен аспауы тиіс. Яғни, жоғарыда аталған мәліметтерде тек 70 жасқа дейінгі зейнеткерлер қамтылған.

Зейнетақысын депозитке жинай- тындар да жетерлік. Мәселен, «Зейнеткерлік» депозитінде былтыр 72 мыңнан астам депозит ашылыпты. Биыл мұндай 79 мың депозит тіркеліпті. Зейнеткерлер өзге де депозит түріне ақшасын салу мүмкіндігі барын ескерсек, зейнетақысын банкте сақтайтындар қатары бұдан да көп болуы мүмкін.

Г.МАҒЖАН.

saryarka-samaly.kz