Бұл - соңғы бес жылдағы рекордтық сома. Сондай-ақ, жиын барысында облысымыздың шағын және орта өндіріс ошақтары ERG компаниясына өз өнімдерін өткізе бастайтыны айтылды.

Атап өтерлігі, осынау әріптестік келісімінің арқасында облыстың спорт саласына ерекше серпін берілмек. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бұл меморандумның аймақ дамуына қосар үлесі мол екенін жеткізді.

- Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту - маңызды бағыттардың бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға айрықша мән беруде. Бұл ретте, Еуразиялық топ талайға үлгі бола алады. Олар аймағымызға дәстүрлі түрде жыл сайын қолдау көрсетуде. Соңғы бес жылда облыс дамуына 10 млрд. теңге қаржы құйды. Ал биыл қаржының басым бөлігі спорт саласына жұмсалатынын атап өткен жөн. Облыс дамуына қосқан үлесі үшін ERG компаниясының басшылығына алғысымды білдіремін, - деді аймақ басшысы.

Меморандум шеңберінде Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында қазіргі заманға сай, ұзындығы 50 метр болатын бассейннің құрылысы жүргізілмек. Бұл – маңызды жобалардың бірі. Сонымен қатар, екі күрес залы қайта қалпына келтіріледі. Облыс орталығы мен Ақсу қаласында 32 street work-out үлгісіндегі жаттығу және ойын алаңдары бой көтермек. Ал болашақта жоғарыда аталған бассейн жанынан күрес залы бар жаңа олимпиадалық дайындық орталығы салынады. Демеушілер қаражатының бір бөлігі жергілікті футбол және волейбол командаларын қолдауға бағытталмақ.

Облыс та қарап қалмақ емес. Екі тарап бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісті. Сондай-ақ, Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындардың атынан сайланған депутаттардың, зауыт қызметкерлерінің өтініші бойынша бірқатар жұмыстар атқарылады. Мысалы, облыстық әкімдік кәсіпорындарға қажетті металлург мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға қаржы бөледі. Жергілікті түсті металлургия колледжінің жұмысын дамытпақ. ERG компаниясы салатын тұрғын үйлерге инженерлік коммуника-циялық инфрақұрылым қазына қаржысы есебінен тартылады.

Өз кезегінде аймағымызға жұмыс сапарымен келген «Еуразиялық топ» ЖШС басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаев бұл әріптестік алдағы жылдарда да жалғасын табатынына сенім білдірді.

- Ең алдымен, металлургтерге көрсетіліп отырған қолдау үшін облыс басшылығына ризашылы-ғымды айтқым келеді. Бүгінде облыс бойынша Еуразиялық топ құрамына енетін кәсіпорындарда 22 мың адам жұмыс істейді. Олар көбіне Павлодар, Ақсу қалаларында шоғырланған. Сондықтан қолдау шараларын да осы шаһарларға бағыттауға тырысамыз. Атап өтерлігі, биыл облыс әкімдігі бұл меморандум аясындағы жұмыстарды жаңаша ұйымдастырып отыр.

Бірлесе атқаратын іс-шараларымыз бар. Үлкен инфрақұ-рылымдық жобаларды қолдаймыз. Бұл - біз үшін де үлкен жауапкершілік. Экология мәселелеріне де ерекше мән беріледі. Бұл әріптестік алдағы жылдарда да табысты жалғасатынына сенемін, - деді А.Қазтаев.

Атап өтерлігі, жиын барысында тағы бір маңызды жайт сөз болды. Алдағы уақытта өңіріміздің шағын және орта бизнес өкілдері өз өнімдерін ERG компаниясына саудалай алатын болады.

Ресми кездесуден кейін аймақ басшысы Болат Бақауов пен «Еуразия тобы» ЖШС басқарма-сының төрағасы А.Қазтаев Қазақстан электролиз зауытының аумағындағы аллеяға ағаш отырғызды.

 

Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz