Қазіргі бағаны бақылау үшін облыс- тық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының өкілдері Павлодар қаласының әлеуметтік дүкендерінің бірі «Арзандауға» арнайы барды. Өткен апта- да қанттың келісі әлеуметтік дүкен-дерде 215 теңгеден саудаланса, кеше бағасы 230 теңгеге жетіпті. Күріш те қымбаттаған. Сондықтан басқармадағылар әлеуметтік дүкендердің иелерімен кездесу өткізбек. Нақтысы, олардың бұл өнім түрлерін тұрақтандыру қорынан алуға көндірмек. Себебі қордан қанттың келісі 200 теңгеден босатылып, дүкендерде 10 пайыздық үстемемен 220 теңгеге сатылатын болады. Мамандар қанттың қоры таусылуға жақын деген қоғамдағы пікірді жоққа шығарды. Айтуларынша, қазіргі таңда облысымызда үш ірі көтерме сауда нысаны мен тұрақтандыру қорындағы қосқанда, 300 тонна қант қоры бар. Оның 180 тоннасы тұрақтандыру қо- рында сақтаулы. Қысқасы, құзырлы орган өкілдері алдағы аптада әлеумет- тік дүкендердегі қанттың келісі 220 теңге- ден аспайды деп сендірді.

Басқарманың сауда саясаты жөнін- дегі бөлім басшысы Амантай Байзақов- тың айтуынша, бағасы өсе бастаған өнімдерді арзандату үшін тұрақтандыру қорындағы азық-түлік әлеуметтік дүкендерге босатыла бастайды. Мұндай тетік әдетте баға құбыла бастағанда қолға алынады. Әйтпесе, тұрақтандыру қоры мен өзге жеткізушілердегі баға шамалас болса, әлеуметтік дүкен иелері көтерме сауда өкілдерінен өнімді алғанға басымдық береді. Себебі жеткізу жағында қиындық жоқ.

Өткен аптада күріштің бір келісі 220 теңгеден сатылса, бүгінде 245 теңгеге бағаланып отыр. Сондық- тан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне мониторинг жүргізетін мамандар бұл бағаны арзандату үшін тұрақтандыру қорының «күшін» қоспақ. Қорда бүгінде 60 тонна күріш бар. Енді осы қордан күрішті де әлеуметтік дүкендерге жеткізу жағы ойластырылуда.

Көкөніс бағасының қазіргі шақта арзандауы – заңды. Өйткені жаңа өнім жиналуда. Десе де, ағымдағы аптаның басында облыс әкімдігінің аппараттық жиынында картоп бағасының кей ау- дандарда шарықтап тұрғаны сынға алынған болатын. Мұны басқарма мамандары статистикалық есеп жүргізу талаптарына байланысты екенін алға тартты. Яғни, статистика бір айға жасалады. Сәйкесінше, жиында картоп тамыз айындағы бағасы келтірілген. Ал бүгінде «екінші нан» бағасы айтарлықтай арзандаған. Егістен келісі 40-45 теңгемен босатылса, көтерме сауда нүктелерінде 55-60 теңгеден саудалануда. Сәйкесінше, әлеуметтік дүкендерде көп дегенде 66 теңгемен, ал кәдімгі дүкендерде 77-80 теңгеге сатылады.

Әлеуметтік маңызы бар сиыр етінің де бағасы құзырлы орган тарапынан бақыланады. Бұл өнімнің де бағасы өскен. Бүгінде орташа бағасы – 1500 теңге. Бірақ басқарма өкілдері оның өсу себебін ауыл шаруашылығы бас- қармасы түсіндіре алады деп жауапты қысқа қайырды. Дегенмен, арзан өнімді ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінен де алуға болатынын еске салды.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

saryarka-samaly.kz