Олай дейтініміз, аталмыш кәсіпорын бизнесті қолдауға бағытталған бағдар- ламалардың жәрдеміне жиі жүгінеді. Есесіне, елімізді отандық өніммен қамтуда. Өндіріс орнының өнімді ісіне кәсіпорынға «Даму» қорының облыстық филиалы мен өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында куә болдық.

Кәсіпорын алғашында медициналық қажеттілікке жарайтын 3 бұйымнан бастаса, бүгінде мұнда оның алпыс- тан астам түрі шығарылады. Яғни, емханалар мен ауруханаларда пайдаланылатын сүлгілер, маскалар мен бахилалар, хирургияға, акушерлік қызметке арналған барлық төсек орын жабдықтары осында жинақталады. Шығаратын өнімдерінің кейбірі бірнеше сатылы зарарсыздандырудан өткізіледі. Ол радиациялық әдіспен және газбен жүзеге асырылады. Айта кету керек, кәсіпорынның бір цехы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қаласында орналасқан.

Бір айда кәсіпорын шамамен 20 мың тоннадан астам түрлі қалыңдықтағы мата тұтынады. Оларды Ресей, Қытай және Түркия елдерінен алғызады. Бүгінде тұрақты жеткізушілері қалыптасыпты. Мамандар матаның тапсырыс берушінің алға қоятын талаптарына сай келуіне баса мән береді. Өндіріс орны айына зарарсыздандырылмаған өнімдердің жүз мыңнан астам данасын шығарады. Ал қымбат, арнайы зарарсыздандыруды қажет ететін 20 мыңнан астам жиынтық тағы өндіріледі. Мұндай жиынтықтарға күрделі операцияларда пайдаланылатын заттар жиыны кіреді. Кәсіпорын басшылы- ғы тендерге, тапсырысқа байланысты әр айда өндірілетін өнім көлемі әртүрлі болатынын айтты.

Тағы бір ескеретіні, кәсіпорын жыл сайын жаңа өнім тіркеуге тырысады. Яғни, нарықта бәсекелестікке төтеп беру үшін тұтынушыларға жаңа тауар түрлерін ұсынады. Мәселен, биыл екі өнім жаңадан шығарыла бастады. Бірі – жараны таңу, диализдер жасау, катетерлерді ауыстыру сынды кішігірім ем-шаралар кезінде қолданылатын зарарсыздандырылған жиындар. Екіншісі - анестезиологияда қолданылатын тыныс алу контурлары.

Жалпы, кәсіпорынның Қазақстанда бәсекелестері бар. Олар Алматы мен Тараз қаласында орналасқан. Серіктестік басшысы Марат Маханов бәсекелестері- нен асып түсу үшін тауардың жаңа, оларда жоқ түрлерін шығару ең тиімді жол деп санайды. Айтуынша, 2010 жылы павлодар- лық кәсіпорын қытайлық және ресейлік бәсекелестерін нарықтан ығыстыра алған. Нәтижесінде, еліміздің түкпір-түкпіріндегі емдеу мекемелері өңіріміздің өнімін тұтынуда.

Жоғарыда айтқанымыздай, серіктестік мемлекеттің көмегін көруде. Мәселен, 2012 жылы кәсіпорын басшысы Марат Маханов «Даму» қоры арқылы қолдау көріп, Германияда бір айлық оқудан өтіп келген. Одан кейін де бизнесті қолдаудың түрлі тетіктерін қолдануда. Қазіргі таңда «Өндіріс» бағдарламасы бойынша алған несиесін өтеуде. Мемлекеттің көмегімен 135 млн. теңге көлемінде несие алған. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, кәсіпкер қарызды 7 пайызбен қайтаруда. М.Маханов мұндай жәрдем айтарлықтай демеу, дейді.

Айтпақшы, серіктестік медициналық бұйымдардан бөлек, балалар киімін тігумен айналысады. Алдағы уақытта қалада арнайы бутик ашуға ниетті. Ал мұнда тігілетін киімдер көпке қолжетімді, ал сапасы шетелдікінен кем түспейді. Бизнесмен бұл нәтиежелермен тоқтамақ емес. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

saryarka-samaly.kz