Мәселен, ағымдағы аптада Академик Марғұлан көшесі, 91/1 мекенжайындағы көп қабатты үйдің ауласына осындай камералар орнатылды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Гаухар Арынғалинаның айтуынша, бейнебақылау камераларын орнататын компаниялармен тығыз байланыс бар. Бөлім мамандары ПИК, ЖК, ЖШС басшыларымен жиі кездесіп, мұндай бақылау шараларының маңыздылығын түсіндіруде. Камераны «Павлодар-Онлайн» ЖШС орнатып жатыр. Бұл үйде бес подъезд бар. Бір камера подъездің ішіне, біреуі сыртына және қосымша камералар балалар алаңдарында, көлік тұрақтары аумағында орнатылады. «Павлодар-онлайн» ЖШС техникалық бөлімінің басқарушысы Хасан Мұхамеджанов камералар онлайн режимімен жұмыс істейтінін айтады. Сонда тұрғындар қашықтықтан, әлемнің кез келген жерінен үйінің маңыңдағы жағдайды бақылай алады. Арнайы қосымша арқылы онлайн түрінде де, қайталап та көре алады. Ал жазба тәулік бойы жүргізіледі. Ондағы жазба екі апта сақталады.

Тағы бір ерекшелігі, цифрлық камералар автомобильдердің мемлекеттік нөмірін анығырақ аңғару үшін оны жақындату жүйесімен де жабдықталған. Бұл дегеніңіз, қандай да бір құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтау ісін айтарлықтай жеңілдетеді.

Жалпы, мұндай камералар орнату үшін көп қабатты үйлердің тұрғындары-ның 70 пайызының келісімін алу керек. Ал камераның өзін фирма өзі тегін орнатады. Осылайша, мұндай құрылғы орнатылған үйлердің тұрғындары ай сайын абоненттік төлем жасайды. Бір айға төленетін сома – 300 теңге. Зейнет- керлерге 150 теңге шамасында.

Г.МАҒЖАН.

saryarka-samaly.kz