Шараға облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде және облыстық «Найзатас» журналы мен «Халық» радиосында көп жыл қызмет істеп, кейін зейнеткерлікке шыққан әріптестеріміз шақы-рылды. «Ертіс Медиа» ЖШС-нің директоры Асқар Шөмшеков ардагерлерді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ол уақытында төртінші биліктің тұғырынан түспей, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне өз үлес-терін қосқан азаматтардың еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді. Өз кезегінде ардагер журналистер де ұйымдастыру-шыларға деген ризашылықтарын білдіріп, бір дастарқан басына жиналған әріптестерін мерекемен құттықтады.

- Құрметті әріптестер, бүгін сіздерді көріп, көңілімізді қуаныш кернеп отыр. Осындай қауышуда өткенімізді еске алып, бір жасап қалатынымыз рас. Алдыңғы толқын ағаларының еңбегін елеп, ескеріп, осындай тамаша мереке ұйымдастырған «Ертіс Медиа» серіктестігінің басшылығына және осында қызмет істейтін барша әріптес іні-қарындастарымызға алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, биік белестерді бағындыруға тілектеспін. Барша қаламгерлер қауымына шығармашылық табыс тілеймін, - деді облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Тұрсынбай Ибадуллин.

Шара барысында белгілі журналистер – Раушан Сыбанжанова, Айбек Оралхан, Данияр Жұмаділ, Жарқынбек Амантайұлы және Оразбек Саяхат ардагерлердің құрметіне өлең-жыр оқып, әсем әннен шашу шашты.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz