Шашасына шаң жұқпаған жүйріктердің шабысын көруге бәйге алаңына жиналған-дардың қарасы көп болды. Қазақ поэзиясы-ның «Құлагері» атанған Ілияс Жансүгіровтің: «Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей, Аттарға шаң шығарып келе жатқан» деген жыр жолдары тура осы көрініске арналғандай. Ат жарысына Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шабандоздары тұлпарларын алып келіпті. Аламан бәйгенің жүйріктері - 24 шақырым-ға жіберілсе, тоқ бәйге - 8 шақырым және ұшқыр бәйгенің екі түрі 2, 4 - шақырым қашықтық бойынша шапты.

Бұл жолғы бәйгенің жүлде қоры да аса ауқымды болды. Павлодар қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің сектор меңгерушісі Күмісай Асайынованың сөзінше, жүлдеге 3 автокөлік және 2 мотоцикл тігіл-ген. Аталған жүлделердің барлығы ұлттық ат спортына жанашырлықпен қарайтын қалталы азаматтардың есебінен алынған.

Аламан жарыстың қорытындысы бойын-ша, Баянауыл ауданынан келген Әмір Нығманов есімді азаматтың «Мудрый Сократ» атты тұлпары топ жарды. Бапкері - Михаил Жексенбаев, шабандозы - Влад Нинашов. Жүлдеге тігілген 3 автокөліктің бірін осы жігіттер еншілеп кетті. Ал екібастұздық Мирас Тілеуберлин мен Шығыс Қазақстан облысының атынан келген Қадылбек Серікболдың жүйріктері мәреге екінші және үшінші болып жетті. Ұшқыр бәйгенің жүлдесін павлодарлық Болат Қожамсейіт жеңіп алды. Жерлесіміздің «Пресанелла» деп аталатын жүйрігі басқаларынан дара шауып келді. Ұшқыр бәйгенің екінші тобы, яғни, құнан жарысы бойынша, павлодарлық Қанат Ақсақовтың «Обригадасы» мәреге бірінші келді. Жүлдеге қойылған 3 темір тұлпардың екеуі осы ұшқыр бәйгенің жеңімпаздарына берілді. Сегіз шақырым қашықтықты еңсерген тоқ бәйгенің жеңім-пазы - арқадан әкелінген «Байсары» тұл-пары. Иесі - қарағандылық Мирас Нұрдәулет-ке мотоциклдің кілті берілді.

Кіл мықтының арасынан ең мықтыны анықтайтын аударыспаққа да қатысушылар көптеп жазылыпты. Бұл жарысқа қатысушы-лар облысымызға қарасты аудандар мен қалалардан келді. Нәтижесі бойынша 80 келі-ге дейінгі салмақ дәрежесінде Баянауыл ауданының тумасы Мұрат Ақжан ат үстінде қарсылас шақ келтірмеді. Сонымен қатар, 80 келіден жоғары түйе палуандар арасын-дағы бәсекеде ақтоғайлық Дархан Жоламанов жеңіске жетті. Аударыспақ ойынының барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Павлодар облысы бойынша ат спорты-ның аға жаттықтырушысы Жасұлан Әлиевтің сөзінше, биыл павлодарлық шабандоздар үшін табысты жыл болды. Мысалы, Астанада өткен «Ұлы Дала рухы» фестивалінде аударыспақтан бақ сынаған павлодарлық жігіттер жалпыкомандалық есеп бойынша екінші орынды еншілеген. Сонымен қатар, Петропавл қаласында жастар арасында өткен жарыста үш шабандоз жүлдегер атанған. Олар - Айбын Уахитов, Мұрат Ағжан және Бағдат Асқар. Қазірде спортшылар келесі жылы болатын ат спорты жарыстарына дайындықты бастап кеткенін айтады бапкер. Биыл жыл басынан бері үш рет ат бәйгесі ұйымдастырылды.

Т.САХАБА.

saryarka-samaly.kz