Тарихы 1938 жылдың 29 қыркүйегінен басталатын «Новый путь» газеті жергілікті қауымға етене таныс. Өңір мен елдегі саяси жаңалықтарды, әлеуметтік-экономикалық ахуалды баяндап, тұрғындардың шығар-машылығын жариялайтын басылым аймақ-тық баспасөз нарығында айрықша орынға ие. Газеттің 80 жылдық мерейтойы қалалық деңгейде кең көлемде аталып өтуде.

Сенбі күні Ақсу қаласындағы Мемлекет-тік рәміздер алаңында салтанатты шара ұйымдастырылып, газет ұжымы мен оқыр-ман қауым жиналды. Саябақта басылым-ның тарихынан сыр шертер көрме көп-шілік назарына ұсынылып, сахнадағы LED-экраннан өткені мен бүгіні баяндалды. Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко редакция қызметкерлері мен оқырмандар-ды атаулы күнмен құттықтады.

- «Новый путь» газеті – Ақсу аймағы-ның айнасы, бүгінгі өмірді тарихқа алтын әріппен жазатын басылым. Осы уақытқа дейін газет бетінде түрлі бағыттағы қызықты репортаждар мен сұхбаттар жарық көріп, өзекті де күрмеулі мәселелер көтерілді. Басылым журналистерінің тікелей араласуымен оң шешілген жағдай да аз емес. Шығармашылық ұжымның еңбегіне жеміс, зор денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін, -деді Н.Дычко.

Шаһар басшысы «Новый путь» газетінің редакциясына дизайнерлік баспа құралын алуға сертификат, «Ақсу қаласы әкімдігінің ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерсін Нұрмағамбетұлы бастаған бір топ қызмет-керге қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.

Басылымға 20 жылға жуық уақыт бойы редакторлық етіп келе жатқан белгілі журналист Сабира Сағынай да ізгі лебізін білдірді.

- «Новый путь» газетінің 80 жыл бойы үздіксіз жарық көруі - ұжымның ізденісі мен оқырмандар сұранысының нәтижесі. Осы уақыт бойы бізбен бірге болған, басылымның ыстығы мен суығына төзген ардагерлерге, әріптестерге, оқырмандарға зор ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да оқырман қауымның көңілінен шығар тұшымды дүниелер беруге тырысамыз, - деді С.Сағынай.

Тамара Лобанова 1966 жылдан бері «Новый путь» газетінен көз жазбай келеді. Оқырманның айтуынша, басылым ойдың ұшқырлығымен, өзектілігімен, сан алуан тақырыпты тілге тиек етуімен баурап алады. Тұрақты оқырманның ендігі тілегі – газет аптасына бір емес, бірнеше рет шығып, зей-неткерлердің, әсіресе, жалғызбасты қарт тардың барлығына бірдей қолжетімді болуы.

Салтанатты жиын соңы жергілікті өнер-паздардың қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты. Атап өтер тағы бір жайт –дәл осы күні басылымның фототілшісі Ернұр Жұмаділов пен беттеуші Айзада Кенжетаева отау құрып, шаңырақ көтерді. «Новый путь» газеті арқылы танысып, табысқан жастарға баянды бақыт тілейміз. Жас жұбайларды шаһар басшысы Николай Дычко да құттықтап, арнайы сыйлық пен Алғыс хат табыстады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА
Ақсу қаласы.

saryarka-samaly.kz