«Шаңырақ» республикалық байқауы соңғы 5 жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы додаға 150-ден астам жұмыс келіп түссе, оның ішінен қазылар алқасы 20-сын іріктеп, республикалық кезеңге жолдаған.

Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесінің медиа қамтамасыз ету орта-лығының директоры Мақсат Айтбаев аталмыш байқауға қатысуға ниетті журналистердің саны жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтты.

- Бұл байқаудың басты мақсаты – этносаралық қарым-қатынасты жазып, ұлтаралық татулықты кеңінен насихаттап жүрген журналистерді ынталандыру және отандық журналистиканы дамыту болып табылады. Байқаудың жеңімпаздары 6 аталым бойынша іріктеуден өтті. Барлық жеңімпаздарға республикалық кезеңде жүлделі болуын тілейміз, - деді Мақсат Айтбаев.

Құттықтау барысында аймақтың ардагер журналистері Мұхит Омаров пен Сергей Горбунов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсенбай Жетпісбаев Павлодар өңіріндегі этномәдени орталықтарда мақалалар мен теле-бағдарламалардың басты кейіпкеріне айнала алатын, оқырманға үлгі етерліктей азаматтардың көп екенін тілге тиек етті.

Байқаудың қорытындысында түрлі номинациялар бойынша үздік журналистер бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл қатарда газетіміздің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев және тілшіміз Қарлығаш Хашымқызы бар.

Айта кетелік, байқаудың респуб-ликалық кезеңінің қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айында шығарылады.

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz