Ж.Жүсіпов 1933 жылы Железин ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп, ата-анадан ерте жетім қалды. 1954-1957 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Отан алдын-дағы азаматтық борышын абыроймен өтеп келді. Еңбек жолын 1957 жылы «Озерный» кеңшарында тракторист-комбайнер болып бастап, өзіне жүктелген міндеттемелерді жоғары деңгейде атқарып жүрді. Өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігінің арқасында 1967 жылдың сәуір айында КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумында Социалистік Еңбек Ері атағын алып, «Орақ пен балға» алтын медалімен және Ленин орденімен марапатталды.

Мемориалды тақтаның ашылу салтанатына марқұмның жұбайы Күлпәш Қимашқызы, балалары, немерелері және бірге қызмет еткен әріптестері қатысты.

- Жылқыбай Қайыргелдіұлы-ның еңбек жолы көз алдымызда. Өзінің кіндік қаны тамған туған ауылы үшін талай игі істерді ат-қарып, ауылдастарының алғы-сын арқалады. Ол өз ісінің майталманы болатын. Әлі есімде, жұмыс қызған күзгі жиын-терім науқаны кезінде кешке үйіне де бармай, егін басында комбайнда қонып қалатын. Міне, сол еңбегінің нәти-жесі болса керек, Железин ауданы бойын-ша ең бірінші болып небары 34 жасында Еңбек Ері атағын алды. Сондықтан марқұм-ның елге істеген жақсылығы есімізде, жарқын бейнесі көз алдымызда, - дейді замандасы Ермек Нығманов.

Т.МАРХАБА.

saryarka-samaly.kz