Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, Ақтөбе қаласындағы №10 балалар мен жасөспірім-дер спорт мектебінің жаттықтырушысы Алмагүл Тәкішева - аталған турнирге тұрақты қатысушылардың бірі.

- Павлодар жерінде «Сарыарқа самалы» басылымы ұйымдастыратын турнирге бірнеше мәрте қатысып, бақ сынадым. Мәселен, 2016 жылы шәкірттерімді осынау дәстүрлі жарысқа бастап келдім. Павлодар-дың қонақжай халқы бізді құшақ жая қарсы алды. Сол жылы өзім де ересектер арасын-да шеберлігімді сынға салып, 1-ші орынды жеңіп алдым. Менің шәкіртім Сәулет Әйтенов 12 жасқа дейінгі ұлдар арасында қарсылас шыдатпаса, тағы бір талантты тоғызқұмалақ-шы Қалжан Қуанышбек жүлделі 2-ші орынды еншіледі. Бұл турнир басқа жарыстарға қарағанда ерекше ұйымдастырылады. Бастысы – жас талғамайды. Жасыратыны жоқ, жеңімпаздарға берілетін сый-сыяпаты да басқа жарыстарға қарағанда артығырақ. Биылғы жылы менен тәлім алатын 40 баланың жиырмасын «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін өтетін турнирге әкелсем деген ойым бар, - дейді А.Тәкішева.

Алмагүл Тәкішеваның өзі де - төл ойыны-мыз – тоғызқұмалақтан өтетін республикалық, халықаралық додаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген дарынды спортшы. Алмагүл Тәкішева, Диана Кенина секілді «Сарыарқа самалы» газетінің тур-нирінің шекпенінен шыққан талантты жан-дардан тәлім алатын батыс қазақстандық балғындардың жүлдеге таласуға мүмкіндік-тері мол. Әр жыл сайын Павлодар жерінде өтетін дәстүрлі турнирде ақтөбеліктердің қоржыны бос кеткен емес.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz