Атамекенім

Мерғалым ауылы - менің туған жерім. Бұл ауыл мен үшін қастерлі әрі қасиетті. Біздің ауылда мәдениет үйі, мешіт, орталық саябақ бар. Мен ауылымды жақсы көремін. Ер жетіп өссем, өз елім үшін қызмет етемін деп ойлап жүремін. Ол үшін жақсы оқу керек. Ал мен жақсы оқимын.

Ал менің аты-жөнім - Досымжан Ерболатұлы. 2-сыныпта оқимын. Руым - Қорт. Жасым сегізде. Спортқа қатысып жүрмін. Күрескенді жақсы көремін. Ағам Рахат сияқты көп медальдарым болса деп армандаймын.

Менің отбасым

Менің отбасым үлкен. Біздің ең үлкеніміз – атам. Атамды бәріміз тыңдаймыз, ақылын көңілге тоқимыз. Өйткені ол өте көп біледі. Бәріміз отбасында тату-тәттіміз. Әрқайсымыздың атқаратын жұмыстарымыз бар. Мен отбасымды сыйлаймын және қамқорлық көрсетемін.

Досымжан ЕРБОЛАТҰЛЫ, 2-сынып оқушысы.


Менің досым

Дос деген - адал жан, ешуақытта сені сатпайды. Менің достарым көп, біз бір сыныпта оқимыз. Достарымды ренжітпеуге тырысамын. Біз бірге ойнаймыз, бірге жүреміз. Жазда доп ойнаймыз, оқу басталғанда сабаққа бірге барамыз, үйге бірге қайтамыз.«Аққуды атпаймыз, достықты сатпаймыз»деген мақалды білемін. Сондықтан достарыма адал болғым келеді.

Менің ауылым

Менің ауылымда үйлер көп. Мешіт, мәдениет үйі бар. Ауыл сондай өте әдемі. Мен ауылдан алысқа кетсем ылғи сағынып, ойлап жүремін. Өйткені онда үйім бар, туыстарым және достарым тұрады. Өзім де осында мектепте оқып жүрмін. Оқу оқыған өте қызық екен. Биыл 2-сыныптамын. Сабақ қиын емес. Мектепте маған бәрі ұнайды. Мен ауылымды, мектебімді жақсы көремін.

Айзада САҒДАТ, 2-сынып оқушысы.

saryarka-samaly.kz