Мұнда балалар өрт сөндіру-шілермен кездесті. Олар балаларға отпен ойнау қауіпті екендігін, өйткені өрт шыққан жағдайда әр адамның өміріне қауіп төнетінін және өртті өздері қалай сөндіретінін айтып берді. Өздері сабақ алатын, жаттығатын бөлмені көрсетті.

Балалар өрт сөндіретін машиналарды көрді, оның ішіндегі мобильді өрт сөндіру техникаларымен танысты. Өрт шыққан жағдайда «101» нөміріне телефон арқылы хабарлау керектігін білді, бұл нөмірді естеріне сақтап қалды.

Балалар бұл кездесуден үлкен әсер алды және өрт сөндіру қызмет-керлерімен фотосуретке түсті.

Бижамал ЕСІЛБАЕВА, №2 бөбектер бақшасының төтенше жағдай аға инженері Ақсу қаласы.

saryarka-samaly.kz