Атырау облысына 1938 жылы «Гурьев» атауы беріліпті. 1992 жылы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі «Атырау» атауын иеленді.

Павлодарлық жас саяхатшылар Атырауда Махамбет Өтемісұлының мазарына, мұражайға, Сарайшық қаласына, Димаш-төбе, т.б. бардық. Балықшылар бекіре балығын қалай аулайтындарын көрсетті.

Экскурсия қызықты әрі мазмұнды өтті. Бір аптаның ішінде Атырау жайлы көп мәлімет алдық. Бізді «Тұлпар» атты жазғы демалыс орнының жастары қуана қарсы алды. Қызықты ойындар ойнадық, сыйлықтар алдық. Жол ұзақ болғанымен, экскурсиямыз кереметке толы болды.

Назира АМАНГЕЛДІ, 8-сынып оқушысы, Саты орта мектебі, Май ауданы.

saryarka-samaly.kz