«Кітапхана түні» шарасының басты мақ-саты - жастарды кітапханаға тарту, сол арқылы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, яғни, жалпы қауымды әдебиетпен сусындату. Міне, сондықтан бұл кеште ұлтымыздың ағартушы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров-ты ұлықтауға көп көңіл бөлінді. «Кітапхана түнінің» әдеби алаңына шоғырланған жастар өлең оқып, жиналған жұртты Сұлтанмахмұттың мөлдір жырымен сусындатты. Сонымен қатар, кітапхананың оқу залына жиналған тұрақты оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары туралы мағлұмат беріп, қызықты прозалық шығармалардан үзінді оқыды. Өңірдің өнерпаз жастары домбырамен күй күмбірлетсе, қобыздың қоңыр үні рухани кештің көркін аша түсті. Ал, әлем әдебиеті залына келген қауым қытай, кәріс, жапон халықтарының ұлттық әдебиетімен және мәдениетімен танысты.

Сонымен қатар, кітапхана оқырман-дарының назарына аймақтың бас басылымы - облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің келесі жылы болатын 90 жылдық мерейтойына орай бұрынғы «Қызыл ту» газетінің 1943 жылғы сандары қойылды. Газеттің ескі нөмірлері мемлекеттік облыс-тық архивтен арнайы әкелінген.

Естеріңізде болса, осы жылдың жазында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы-на орай «Павлодар Торайғыровты оқиды» атты әлеуметтік жоба ұйымдастырылған болатын. Бұған 120-дай адам қатысқан еді. Осы жобаның қорытындысы бойынша құрастырылған «Ертіс өңірі ақынын жыр-лайды» атты шағырмалар жинағына өңірі-міздегі жас ақындардың өлеңдері топ-тастырылған. «Кітапхана түні» шарасы барысында оқырмандарға сол жинақ кітап арнайы таныстырылып, кітапқа өлеңдері жарияланған авторларға таратылып берілді. Бұдан бөлек, балалар арасында сурет салудан, қолөнер туындысын жасаудан және асық атудан сайыстар болып өтті.

Осы түні кітапхана оқырмандары ара-сында түрлі байқаулар да ұйымдастырылды. Мысалы, кітапхана ішіне алдын ала жапсы-рылған шифрленген QR кодын табу және Сұлтанмахмұт ақынның суреттерін жинау-дан сайыс болды.

- «Кітапхана түні» шарасы осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Қазір жастар-дың барлығы ұялы телефон ұстап, әлеуметтік желіні пайдаланады. Соның әсерінен әдеби туындыларға көп көңіл аудармай жатқан жайы бар. Ал мұндай шаралар - оларды кітапханаға тартудың бір тәсілі. Биылғы кештің бұрынғыдан ерекшелігі - арамызда әртүрлі әдеби шығармалардың кейіпкерлері жүр. Оны колледж және жоғары оқу орын студенттері бейнелеуде. Шараға облыстық кітапхананың барлық бөлімшелері мен клубтары атсалысты, - дейді Шолпан Шахметова.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz