Тұтынушыға қажетті ақпаратты тұтынушыларға өздігінен танысу мүмкіндігімен қолжетімді және ыңғайлы орында орналастыру қажет. Ақпарат көрнекі және жеңіл оқылатын болуы керек. Тұтынушыларға арналған ақпарат белгіленген бір орында орналастырылып, ескіруіне байланысты жаңартылуы қажет.

Сатушы туралы ақпарат келесі мазмұнда болуы қажет:

1. Өзінің атауын (фирмалық атауын), ТАӘ (ЖК үшін);

2. Орналасқан жерін (заңды мекенжайын);

3. Мемлекеттік тіркеуден өткені және оны дара кәсіпкер ретінде тіркеуді жүзеге асырған органның атауы (немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі);

4. Жұмыс режимін;

5. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) жүзеге асыратын қызметтің түрі лицензиялауға жатса, тұтынушыға лицензия, оның қолданылу мерзімі, оны берген мемлекеттік орган туралы ақпарат немесе лицензияның көшірмесі;

6. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті (аумақтық) органның мекенжайын және телефон нөмірін – «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ, мекенжайы: Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, «Тікелей желі» телефоны 8 (7182)32-18-22;

7. Тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шарттарын;

8. Сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызмет көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты беру міндеті туралы ақпарат.

Көрсетілген ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде маңдайшаға орналастыруы тиіс. Тұтынушының талабы бойынша лицензияның және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің түпнұсқасымен немесе нотариат куәландырған көшірмесімен танысу мүмкіндігі берілуге тиіс.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машинаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қолдануға міндетті.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастырады.

Сатушы тауарды сату (жұмысты орындау жөніндегі, қызмет көрсету жөніндегі) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) жазылған және фотосуреті бар омырау карточкасының (бейджінің) болуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерлердің жоғарыда аталған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заң нормаларын сақтауы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Н.ӘУБӘКІРОВА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.

saryarka-samaly.kz