Аталған жарысқа тыңғылықты дайындық-пен барған спортшы 3 күнге созылған әуес-қойлар арасында өткен бәсекенің алғашқы күнінде қос күміс жүлдені қоржынға түсір-ген. Жарыстың келесі күнінде қарсыласта-рының барлығын сан соқтырып кеткен «Ефенді» екі бірдей алтын жүлдені еншіледі. Сайыстың үшінші күні зілтемірді белге тарта көтеруден және қоссайыс нәтижесі бойынша алтыннан алқа тақты. Бұдан бөлек әр салмақтағы үздіктер бақ сынайтын абсалютті салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қос бірдей күміс медальді мойнына тақты.

- Мен 50-59 жас аралығындағы спортшылар қатарында бақ сынадым. Бұл менің алғашқы жарысым емес. Соңғысы да емес деп ойлаймын. Жарыстың алғашқы күнінде аздаған қателіктерге бой алдырғаным бол-маса бәрі ойдағыдай өтті. Айтпақшы, аталған әлем чемпионатында белге тарту мен жа-тып алып сығымдай көтеру қоссайысы бойынша 360 келіні бағындырып, WRPF (халықаралық пауэрлифтинг қауымдастығы) талаптарын орындап, спорт шебері атағына ие болдым. Таңқаларлығы, көршілес Ресей мемлекетінде зілтеміршілер арасында апта сайын бірнеше сайыс өтеді. Сондықтан да ресейлік спортшылар үнемі бабында жүреді. Осындай сайыстар біздің елде де жиі ұйымдастырылса спортшылардың біліктілігі артар еді - дейді Сайдолла Сәденов.

Жерлесіміз келер жылдан бастап 60-69 жас аралығындағы спортшылар арасында бақ сынамақ. С.Сәбеновтің алға қойған арманы – асқақ, мақсаты – айқын. Ол келер жылдың күзінде болатын ҚР чемпионатына қатысып, 2020 жылы Еуропа елдерінің бірінде өтеді деп жоспарланған әлем чемпионатында бақ сынауды жоспарлауда.


Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz