Мәселен, биыл облысымызда облыс-тық және аудандық маңыздағы жол-дарды жөндеуге және жаңадан салуға республикалық және облыстық қазынадан 12,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ринат Қойсоймасов мәлім етті. Бұл қаражатқа аймағымызда 3 ірі жоба, яғни жолдар қайтадан салынса, 17 жоба бойынша тас жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Яғни, 116,1 шақы-рымдық күре жол айтарлықтай жаңарды. Осылайша, өңіріміздің 462 шақырым жолы биыл түрлі жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

- Соңғы уақытта жол құрылысына және жөндеуге қарастырылатын қаржы көлемі жыл санап артып келеді. Былтыр 9,9 млрд. теңге бөлінсе, биыл бұл сома 12 млрд. теңгеден асты. Бұрын республикадан жалпы қаржының 10 пайызы, қалғаны жергілікті қазынадан қарастырылса, кейінгі кезде 50х50-ге ауысты, - дейді Ринат Ерқайұлы.

Елбасы елімізде жақсы және қанағат-танарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 90 пайызға жеткізуді тапсырғаны белгілі. Осы ретте, облыстық басқарма мақсатты индикаторға қол жеткізу үшін 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар түзіпті. Бұл құжатқа сәйкес мамандар 2022 жылға қарай үлесті 90 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Ал қазіргі таңда аймағымыздағы жолдардың көңілге қонымдысының үлесі 80 пайызды құрап отыр. Былтыр 78,8 пайыз болған.

Басқарма өкілінің сөзіне сенсек, жылдар бойы тұрғындардың қатынауына қиындық туғызған, жағдайы өте нашар жолдардың қазіргі ахуалы айтарлықтай жақсарған.

- Мәселен, Шақат-Восточный-Шалдай бағытындағы 129 шақырымдық жол өте нашар жағдайда болған еді. 2014 жылдан бастап қолға алынған жұмыстардың нәти-жесінде қазіргі таңда мұнда жөндеу көр-меген небары 7 шақырым қалды. Биыл осы жолдың 22,4 километріне жаңадан асфальт төселді. Келесі жылға 7 шақы-рымның жобасы дайын тұр. Республикаға да жібердік, мақұлдалды. Келесі жылы жүзеге асып қалады деген үміттеміз, - деді Р.Қойсоймасов.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды ретке келтіру 2019 жылы да жалғасын таппақ. Құзырлы орган респуб-ликалық бюджеттен 10,9 млрд. теңгеге өтініш беріпті. Ал облыстық қазынадан 4,2 млрд. теңге қарастырылғанын қалай-ды. Бұл қаражаттар сәтімен бөлінсе, өңірімізде тағы біраз жамаулы жолдардың жағдайы түзеледі. Маманның мәліметі бойынша, жобалардың ішіндегі ең ірілері – Чернорецк-Ольгинка-Успен-Шарбақты тас жолының 18 шақырымын, Шақат-Восточный-Шалдай бағытындағы 7 кило-метрді қайтадан салу.

«ҚазАвтожол» ҰК облыстық филиалы директорының орынбасары Ақылбек Қабылдиннің ақпаратына сүйенсек, биыл республикалық ірі жобалардың үш учаскесі қолданысқа беріледі. Астана-Павлодар бағыты бойынша 30 шақырымдық, ал Павлодар-Семей арасындағы 76 шақы-рымдық жол, жол-пайдалану пункті, жол бойындағы сервис пайдалануға беріледі.

- Ал келесі жылы тағы бес учас-кедегі жұмыстар толық аяқталса, Астана-Павлодар-Семей бағытындағы жол тұрғындар игілігіне беріледі, - дейді ол. Астана мен Павлодар арасындағы жолда 47 шақырымдық жол биыл тапсы-рылуы тиіс еді. Мұндағы жұмыстарды атқарған мердігер «Ақ жол» жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорын-ның ішкі сот дауларына байланысты барлық жұмыстарды аяқтай алмаған. Негізі, төрт жолақты жолды салған, тек жиегін ретке келтіру, көпірді көтеру жағын үлгермепті. Сол себепті бұл учаске тапсырылды деп саналмайды. Бірақ жолдың өзі көлікпен жүруге ашық, дейді «ҚазАвтожол» өкілі. Жалпы, Астана-Павлодар бағытындағы 208 шақырымдық жолдың шамамен 100 шақырымында төрт жолақ толығымен ашылыпты. Қал-ғанында айналма жолдар мен екі жолақ қызмет көрсетеді.

Жалпы, облысымызда республика-лық маңыздағы 560 шақырымдық жол болса, соның 313 шақырымы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта салынуда, 40 километр тас жол күрделі жөндеуден өтуде. Оған қоса, биыл Баянауыл ауданының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдың 208 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ақылбек Қабылдиннің айтуынша, мұндағы жұмыстар ағымдағы айда толық аяқталып, қолданысқа беріледі.


Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

saryarka-samaly.kz