Мемлекет басшысы жүктеген міндетті орын-дау мақсатында жергілікті билік өкілдері облыс орталығындағы ірі кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізіп, еңбекақыны көтеру мәселесін талқылады.

Облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, өңірдегі серік-тестіктер мен зауыттарға осы мәселеге қатысты сауалнама жолдануда. Көпшілігі жалақыны арт-тыруға қолдау білдіруде. «KSP Steel», «Format Mach Company» жауапкершілігі шектеулі серік-тестіктері және «Павлодар мұнай-химия зауыты» сияқты кәсіпорындар қаржылық жағдайға бай-ланысты қызметкерлерінің еңбекақысын көтере алмайтындарын айтқан. Өйткені оларда 42 мың 500 теңгеден төмен жалақы алатындар жоқ. Кәсіпо-рындардағы орта еңбекақы көлемі 60-70 мың теңгені құрайды. Бұл жаман көрсеткіш емес.

- Ең төмен жалақы көп жағдайда шағын және орта бизнес субъектілерінде кездеседі. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін жұмыстар жүргізіліп, арнайы мониторинг жасалуда. Кәсіпорындардан күн сайын жаңа мәліметтер түсіп отырады. Жалақыны көтермеу мамандардың басқа жұмысқа ауысуына әкелуі мүмкін. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтерілуі тиіс. Сәйкесінше, жоғары деңгейдегі қызметкерлердің де еңбекақысы артуы керек. Кәсіпорын басшылары бұл міндетті орындамаса, заңнама талабын бұзады. Мәселен, кәсіпорын шаруашылық қызметкердің жалақысын 42 мың 500 теңгеге көтеретін болса, бұған дейін осы соманы алып келген темір ұстасының да жалақысын көтеру қажет. Яғни, екеуінің де еңбек дәрежесі ескерілуі керек. Мұндай жағдайда да қызметкерлер еңбек басқармасына шағым түсіре алады. Заңды немесе жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК-тен бастап айыппұл салынады. Сондықтан бұл жағдай тұрақты бақылауға алынған, - дейді ол.

«Крендель» ЖШС-нің қаржы директоры Валерий Силкиннің айтуынша, серіктестікте 297 адам жұмыс істейді. Мекемедегі орташа еңбекақы көлемі 150 мың теңгені құрайды.

Серіктестікте кондитершінің ісін үйренушілер ғана 40 мың теңге жалақы алады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы қызметті атқарып жүр-ген 5 адамның жалақысы 48 мың теңгеге дейін көтеріледі. Олар 2 айдан соң екінші деңгейге ауысады. Яғни, сол уақытта олардың жалақысы 80 мың теңгені құрайтын болады. Еден жуушылар, жүк тасушылар мен сатушыларда орташа жалақы - 76-85 мың теңге. Келесі жылдың 1 сәуірінен бұл санаттағы жұмысшылардың еңбекақысын 10 пайызға көтереміз. Сәйкесінше, басқа да санаттағы қызмет-керлердің еңбекақысын көтеру жоспарда бар, - дейді ол.

Сонымен қатар, жиында «Каустик» акционер-лік қоғамы, «Стальмонтаж» жауапкершілігі шек-теулі серіктестігі, «Қазақстан алюминийі», «Павлодар-энерго» акционерлік қоғамының өкілдері келер жылдан бастап қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға көтеретіндерін айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев Елбасының тапсырмасын орындауға кіріскен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшыларына әкімдіктің атынан алғыс білдіріп, еңбек басқармасына мәселені басты назарда ұстауды тапсырды.

- Елбасының халыққа арнаған Жолдауына үн қосып, орташа және ең төмен еңбекақыны көтерген кәсіпорындар бұқаралық ақпарат бетте-рінде жарияланатын болады. Еңбек басқармасы кәсіподақ орталығымен бірге еңбекақыны көтеру бойынша ұжымдық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыруы тиіс. Бастысы, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтерілуі керек, - деді М.Бегентаев.


Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz