«Zero Tolerance» «нөлдік төзімділік» деген мағынаны білдіреді. Яғни, ұсақ құқық бұзу-шылыққа жол бермеу. Мұндай қадам халық-тың қауіпсіз өмір сүруіне кепілдік береді. Сондықтан нөлдік төзімділікті қалыптас-тыру – құқық қорғау органдары маманда-рының ғана емес, жалпы халықтың міндеті деп санайды мамандар.

Мобильді қосымшаны тұрғындар Play-Market және AppStore электронды дүкені-нен жүктеп, ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеуден өте алады. Сөйтіп, кез келген қала тұрғыны, оқушылар қоғамдық орындарда жасалған тәртіпсіздікті ұялы телефоны арқылы суретке, бейнежазбаға түсіріп, жоғарыда аталған қосымшаға жолдай алады. Тәртіпсіздіктің қай көшеде орын алғаны жөнінде пікір қалдырады. Бұл жерде сіздің жазбаңыз тиісті мекемеге белгісіз біреудің атынан жолданғандай түседі. Яғни, суретті не бейнежазбаны түсірген адамның аты-жөні көрсетілмейді. Бар болғаны құқықбұзушылық орын алған мекенжайды жазып жіберсеңіз болғаны.

Жобада арнайы мекемелердің ұяшық-тары орнатылған. Бұл ретте ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департа-менті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, денсаулық сақтау басқармасы, тұр-ғын үй инспекциясы, сыбайлас жемқорлық-қа қарсы қызмет, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау департаменттері енгізілген.

Тәртіпсіздіктің басым көпшілігін қоғамдық орында ішімдік ішкен, шекілдеуік шаққан, темекі шеккен азаматтар құрайды. Сондай-ақ, бірқатары көлікті рұқсат етілмеген орындарға қойған. Тіпті, тұрғындар аулада жатқан қоқыстарды да түсірген. Осы орайда, аталмыш жағдайлардың барлығы ретке келтірілгенін атап өткен жөн.

Мамандар еліміздің басқа өңірлері аталмыш қосымшаға қызығушылық танытып отырғанын айтады. Мұндай жоба Германия елінде жоғары дәрежеде жүзеге асырылуда.

Атап өтерлігі, бұл қосымша тұрғындар-дың цифрлық сауатын ашып, электронды жүйеде жұмыс істеуге септігін тигізуде.


Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz