Ой жарыстырар ойында бақтарын сынау үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар келді. Сондай-ақ, Түркия, Әзербайжан, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия мемлекеттерінен де арнайы келген спортшылар дүбірлі додаға сән кіргізді. Бір ғана Моңғолия мемлекетінің өзінен турнирге 11 тоғызқұмалақшы қатысты. Төл ойынды күнделікті ойнап жүрген әуесқой тоғызқұмалақшылар да, кәсіби түрде айналысатын шебер спортшылар да осында. Жетідегі баладан жетпістегі қарияға дейін өнер көрсетуге болатын жарыс осынысымен қызық. Бұл турнир жас талғамайды. Жас ерекшеліктеріне қарай 5 топқа бөлініп өнер көрсеткен спортшылар арасында кімдердің бағы жанды? Әрине, турнирде оза шауып, көзге түскендер мен шебер өнер көрсетуге тырысқан спортшылардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ.

Төл ойында оза шауып, қарсыластарын қапы қалдырған жеңімпаздар мен жарыстың жүлдегері атанған 60 ойыншы марапатталды. Бұған қоса, «Ең жас ойыншы», «Шеберлігін шыңдағаны үшін», «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациялары берілді. Сондай-ақ облыстық тоғызқұмалақ федерациясының бұрынғы президенті, елі үшін аянбай еңбек еткен атпал азамат, марқұм Ардақ Райымбековтің атындағы арнайы жүлде тағайындалды.

- Биылғы турнирге 400-ден астам тоғыз-құмалақшы қатысты. Келушілердің қатары-ның көп болғаны соншалық, барлық тоғыз-құмалақшыларды бір мезетте сайысқа қатыстыру мүмкін болмады. Себебі, біздің ресурстық жағдайымыз осыншалықты көпадамды қабылдауға дайын емес. Сондықтан да спортшылардың кейбірі кезек күтуге мәжбүр болды. Қандай қиындық болсада, қатысушылар санының көптігі көңілгеқуаныш ұялатады, - дейді тоғызқұмалақтан облыстың бас жаттықтырушысы Арыстан Қапаев.

- Біз Алматы облысы, Текелі қаласынан келдік. Павлодар облыстық «Сарыарқа сама-лы» газетінің турниріне тұңғыш рет қатысып отырмыз. Сайыстың өтетінін әлеуметтік желі арқылы білдім. Іле-шала облыстық «ERTIS» телеарнасынан аталған турнир туралы арнайы хабар көрсетілді. Бұл жарыстың жас талғамайтындығы, әуесқойлар мен кәсіп-қойлардың бір додада өнер көрсететіні мені қызықтырды. Сондықтан да өзім тәлім беретін шәкірттер арасынан 9 спортшыны ертіп, Павлодарға келіп қалдым. Бұрын-соңды осыншалықты көп тоғызқұмалақшының бір жарыста өнер көрсеткенін көрмеген екенмін, - дейді Алматы облыстық шахмат пен үстел ойындары түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы Жетпісбес Көксеген.

Жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге қарай қадам басып келе жатқан дәстүрлі доданың қорытындысы туралы кеңірек білгіңіз келсе, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің алдағы нөмір-лерінен көз жазбаңыз, оқырман!


Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz