Минск облысының атқару комите-тінде өткен кездесуде аймақ басшысы Павлодар облысы мен Беларусь Республикасының арасындағы іскери байланыстар жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті.

- Біздің Белоруссияға келудегі мақсатымыз – тәжірибе бөлісу және инвестиция тарту, - деді Павлодар облысының әкімі. – Қазіргі таңда біздің өңірдің Белоруссиямен арадағы өзара тауар алмасу үлесін металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібінің өнімдері құрайды. Біз сіздерден 20 трамвай сатып алып, қосымша 5 вагон алу жөнінде келісімшарт жасайтын боламыз. Сонымен қатар, біздің өңірімізде Беларусь елінде жасалатын автобустар және лифттер сұранысқа ие. Сондай-ақ біздің кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласында, атап айтқанда, комбайн шығару бойынша өзара әріптестікке дайын.

Болат Бақауов өзінің әріптесіне Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы туралы картаны таныс-тырды. Семен Шапиро өз кезегінде Минск облысының басымдықтары туралы айтып берді. Кездесу қатысушылары, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласын-дағы мәселелерге баса назар аударды. Павлодар мен Минск қалаларының жанынан құрылған арнайы экономикалық аймақтар туралы да сөз қозғалды.

Павлодар облысының әкімі кездесуден кейін бірнеше ірі кәсіпорынды аралап көрді. «Белкоммунмаш» ААҚ-да Болат Бақауов электр транспортының өндірісімен танысып, электробуста саяхат жасаса, «Амкодор» акционерлік қоғамында арнайы техниканың өндірісімен танысты. Сонымен бірге, әкім жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейтін «Минск» арнайы экономикалық айма-ғында болды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz