Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын негізді қазақ әліпбиін құруды тапсырған болатын. Осы орайда, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік Елтаңбаның ұлттық стандартына өзгеріс енгізу туралы бұйрық шығарды. Оған сәйкес, Елтаңбадағы «Qazaqstan» сөзі латын әліпбиінде жазылуы тиіс. Аталмыш комитеттің Павлодар облысы бойынша өңірлік департаментінің басшысы Айбек Әлібековтің айтуынша, бүгінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде мемлекеттік рәмізді жаңасына ауыстыру мерзімін бір жарым жылдан екі жылға дейін созу мәселесі қаралуда.

- Павлодар облысында жаңа үлгідегі Елтаңбаны үш кәсіпорын шығарады. Олар: «Әсел-Жарнама», «Ибраева» жеке кәсіпкерлік-тері және «Макет-Мастер Қазақстан» ЖШС. Бұл бизнес құрылымдары 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап латын әліпбиіндегі «Qazaqstan» жазуы бар жаңа Елтаңбаны ғана өндіруге міндеттелді, - деді А.Әлібеков.

Бұдан бөлек, жауапты мекемелер мем-лекеттік рәмізді сатып алу жүйесін де ойлас-тыруда. Жаңа Елтаңба жеке саудагерлерден емес, арнайы рұқсат қағазы бар өндіруші кәсіпорындардан сатып алынуы тиіс. Қазіргі кезде латын әліпбиіндегі «Qazaqstan» жазуы бар Елтаңбалар еліміз бойынша Ақорда, Үкімет үйі мен Парламент ғимаратында орнатылған.


Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz