Аталған кітапты облыстық ішкі саясат басқармасы журналистің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шы-ғарған. Бұл - журналистің 15-ші кітабы.

- Бұл жинаққа менің бала кезім, студенттік шағым, алғаш қызметке орна-ласқан кезім, одан бері қарайғы жур-налистика саласындағы өмір жолым баяндалады. Кітапқа өмірбаяным, шығар-машылығым, мен туралы жазылған мақалалар, маған арналған өлеңдер енді. Осы бір кітапты жазуға ұзақ жыл-дар бойы материалдарды жинақтап жүрген едім. Бұрыннан ойда жүрген дүниеболғандықтан «Өмір шыңы» бір жарым айдың ішінде дайын болды, - дейді автор. Естеріңізге сала кетейік, осыдан аз ғана уақыт бұрын Ғалия Балтабай «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, «Парасат» орденінің иегері болған Зара Қожахметова туралы кітап жазған еді.

– Ғалия Құсайынқызы өңірдегі жур-налистика саласының дамуына сүбелі үлес қосты. Әсіресе, облыстық радиоға сіңірген еңбегі зор. Ол өңірдегі тіл саясатын жүргізуге белсене араласты. Ғ.Балтабайдың қоғам белсендісі және журналист ретінде ұлт үшін атқарған қызметі көпке үлгі. Қаламгердің бүгінгі кітабына жастарға тәлім берерліктей ғибратты өмір жолының таңдаулы тұс-тары енді деп ойлаймын, - дейді Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани.

Ал Ғалия Балтабайдың шәкірті, жур-налист, облыстық «Халық радиосы-ның» бас редакторының орынбасары Раушан Сыбанжанова халыққа таныс-тырылған жаңа кітаптың артықшы-лығына тоқталып өтті. Р.Сыбанжанова-ның айтуынша, кітап оқуға уақыт тап-шылық ететін заманда Ғ.Балтабайдың электронды кітабын ғаламтор желісі-нен оқуға болады. Бұл бүгінгі қоғам оқырмандары үшін ыңғайлы болмақ.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақсу қаласының Құрметті аза-маты Светлана Қондыкерова кітап авторын күрескер журналист ретінде құрметтейтінін айтты.

- Ғалия Балтабай - менің құрбым әрі әріптесім. Оның жүріп келе жатқан жолы соншалықты жеңіл болды деп айта алмаймын. Ол қай кезде де ұлттық мүддені, ел болашағын алдыңғы орындарға қоя білді. Журналистің қандай болуы керектігін, қазақ қыз-дарының бойындағы кесектікті ісімен дәлелдеді. Кеңес дәуірінің шолақ сая-саты белең алып тұрған кезеңде тіл, дін, діл және тарихымызға қатысты «ақтаңдақтар» мәселелерін тайсалмай көтеріп, орындалуын қадағалап, нәти-желі болу үшін де жанкештілікпен тікелей атсалысты. Оған мен талай мәрте куә болдым. Мысалы, 1991-92 жылдары облыстық «Азат» қозғалы-сына жетекшілік етіп жүргенімде Черно-рецк Балалар үйінің бір тәрбиешісінен «Қаракөз балаларды шоқындырайын деп жатыр» деген мазмұнда шағым түсті. Қадірменді Зара Қабдешқызы апамыз бастап, Павлодар облыстық теле-радио комитетінен Ғалия Балтабай қостап, ырың-жырыңы көп, іріңдеп тұрған жараны ушықтырмай жазып, нәтижеге жеткен едік. Сондағы Ғалия-ның өткір сұрақтары, бұлтартпас тұжы-рымы, Зара апамның даналық ақыл-парасаты шовинистік озбырлық пен мысықтілеу ниеттің быт-шытын шығар-ған еді. Кәсіби шеберлік пен эфирден берген сюжеттері, ойлы мақалалары өз нәтижесін берді. Тіпті, осы Балалар үйінде сүндет той, тұсаукесер, Наурыз мерекелерін тойлауға, қазақы рәсімдер өткізуге өздері шақыратын болды, - дейді С.Қондыкерова.

Ғалия Балтабай барлық өңірдегі радиолар қысқартуға ұшырап жабылып қалып жатқан сәтте Павлодар облыстық радиосы мен «Ақсу толқыны» радио-сының қысқартылуына жол бермей, табандылық танытып, халықтың бары мен жоғын айтатын үнжарияны аман алып қалуға көп еңбек сіңіргені жұрт-шылықтың есінде. Радионың болашағы туралы оның жазған дүниелері сол кез-де облыстық «Сарыарқа самалы» газе-тіне тұрақты түрде жарияланып тұрды.

Еліміздің астанасы Алатаудан арқа төріне көшірілген жылдарда Ғалия Балтабайдың атқарған еңбегі ерекше. Ол сол жылдары әуе толқынында «Астана және астаналықтар» айдарында журналистік бағдарлама жүргізді. Дауысы халықтың үнжариясы арқылы көпшілікке жеткен дарынды журналисті халық жақсы тани бастады. Қазақ сөз өнерінің майталмандары, қоғам қайраткерлері де журналистің ұлт болашағы үшін жасаған қызметін жоғары бағалап, жиі қарым-қатынас орнатты. Сол жылдары Қазақстанның халық жазушысы, ұлт зиялысы Шерхан Мұртаза, қазақтың аймаңдай ақыны Фариза Оңғарсыновалардың ризашылығына бөленді. «...Сенің дауысыңсыз Астана радиосының хабарлары солғын тарта-тын секілді. Арқа өңірінде ана тіліміз-дегі хабарлар өріс алмай жүрген кезде де қаламыңның сиясын құрғатқан емессің. Әдебиет пен өнер жайлы Астанада жылт еткен жаңалық болса, оның басы-қасында өзің жүресің. Осы жанашырлығың мен елгезектігің үшін, еңбекқорлығың үшін өзіңе шын жүрегімнен алғыс айтамын. Радио - елдің үні. Халықтың үні сен арқылы өз биігінен шарықтай берсін!» - деген еді Фариза Оңғарсынова. (31 мамыр 2001 жыл, Парламент Үйі).

Журналистика саласына өмірінің 42 жылын арнаған Ғалия Құсайынқызы-ның шәкірттері де бір төбе. Ізінен ерген інілері мен сіңлілеріне білгенін үйретіп, жол көрсетіп, жөн сілтеуден шаршамаған ұстазға шәкірттері дән риза. Осыдан біраз уақыт бұрын Ғалия Балтабайдың шәкірті Әсел Жақсыбай ұстазына арнап «Күрескер қызы қазақтың» атты кітап жазған. Бұл жинаққа журналистің егемен елдің ертеңі үшін жасаған батыл қадамдары, қаламгердің болмысы мен бітімін көрсететін оқиғалар топтастырылған.

Ғалия Балтабай ұлт руханиятына қомақты үлес қосқан азаматтарды халыққа таныту мақсатында көптеген еңбектер жазды. «Туған жер перзент-тері», «Иса ақын және оның ұрпақта-ры», «Тұғыры биік тұлғалар», «Шипасы-мен шуақ шашқан» (халық емшісі Сабыржан қажы Жасұлан ұлы туралы) тағы да басқа танымдық дүниелерге толы кітаптарды өмірге әкелді. Жуырда ардагер журналист «Qazaqstan» ұлт-тық телеарнасындағы «Дара жол» бағ-дарламасының құрметті қонағы болды. Кәсіби маман ретінде өңір журналис-тикасына сүбелі үлес қосқан Ғалия Құсайынқызы алдағы уақытта да оқыр-мандарын тың туындыларымен қуантпақ.


Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz