Бағдарлама талаптары:

- Бағдарламаның мақсаты – етті бағыттағы мал басын көбейту.

- Несие көлемі – ірі қара мал үшін 70 млн. теңгеге дейін, қой сияқты ұсақ мал басы үшін 30 млн. теңгеге дейін.

- Несие мерзімі – ірі қара мал үшін 180 айға дей ін, қой сияқты ұсақ мал басы үшін 120 айға дейін.

- Несиенің пайызы – жылдық тиімді мөлшерлемесі - 16,4 пайыздан аспайды. Соның ішінде, 10 пайызы субсидияланады.

Ауыл шаруашылығы саласында қандай мемлекеттік бағдарламалар бар, олардың талабы қандай? Осы сауалды алға тартып, басылымымызда ауыл тұрғындары үшін жаңадан кәсіп ашып, дамытуға мүмкіндік беретін бағдарламалар туралы ақпараттарды жекелей жариялауды қолға алған болатынбыз. Бүгін «Сыбаға» бағдарламасының талаптарын тарқатпақпыз.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Павлодар облысы бойынша филиалы етті мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» бағдар-ламасын ұсынып отыр. Аталған бағдарламаға сай 70 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала аласыз. Несие жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, фермерлік шаруашылықтар мен өзге де заңдық тұлғаларға беріледі. Бұл қаражатқа ірі қара, қой сатып алуға болады. Бұдан бөлек, кәсіпкер айналым қаражатын көбейту үшін де несие алуға құқылы.


Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz