Ой жарыстырар ойында еліміздегі үздік шахматшылармен қатар Ресей, Беларус, Испания, Бельгия, Әзербайжан, Тәжікстан, Украин мемлекетінің спортшылары да бақ сынауда. Олардың арасында 12 гроссмейстер, 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ФИДЕ халықаралық шахмат федерациясы-ның 7 спорт шебері, тағы да басқа мықты ойыншылар бар. Бұл бәсеке спортшыларға халықаралық деңгейдегі нормативтерді орындауға, жаңа спорттық дәреже иеленуге мүмкіндік береді.

- Әлемдегі әр елдің мықтылары жинала-тын спорт бәсекесі жыл сайын Павлодарда өтетіні көңіл қуантады. Биыл осындай ірі дода бұл өңірде 13 мәрте ұйымдастырылып отыр. Шахмат ойынының деңгейін көтеріп, үлкен спортқа үнемі назар аударатын павлодар-лықтарға ризамын, - дейді ҚР Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Он кезеңнен тұратын шахмат бәсекесі швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі. 2016 жылдан бастап Pavlodar Open турнирі ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР кубогының ІІІ кезеңі болып саналады. Сондай-ақ аталған турнир жыл сайын өңірдегі шахмат ойнауға ниетті жастардың асыға күтетін спорттық мерекесіне айналды. Жарыс аясында блиц жүйесі бойынша балалар арасында да сайыс ұйымдастырылып, әлемдік деңгейдегі шахмат майталмандары шеберлік сағаттарын өткізеді. Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні басталған бәсеке 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Доданың жалпы жүлде қоры - 3 млн. теңге. Құрметті спортсүйер қауым, әлемдегі үздік ойыншы-лардың өнерін көргіңіз келсе, облыс орталығындағы «Шахмат үйінен» табылыңыз!


Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz