Бүгінгі бірінші кезектегі міндет – коммуналдық қызметтер тарифтерінің заңсыз қымбаттауына жол бермеу, ал болашақта оларды төмендету мүмкіндік-теріне талдау жүргізу қажет. Бұл тұтынушылардың өмір сүру сапасына оң әсер етері сөзсіз.

Осылайша, тарифтерді төмендету мақсатында облыс әкімдігі мүдделі тараптардың қатысуымен (ТМРКД, АЭҚБКД, МКД, ИДӨҚКД, Прокуратура, ТЖД, ТМС) жұмыс комиссиясын құрды. Тұтынушылардың қоғамдық қабылдау орындарына және монополияға қарсы органның жедел желісіне түскен өтініштерін қарау қорытындылары бойынша 10 табиғи монополия субъектісін тексеру туралы шешім қабылданды.

Табиғи монополиялар субъектілері мен кәсіпорындар басшылары қатысқан осы комиссия шеңберінде коммуналдық қызметтер мен энергия ресурстарының тарифтері мен бағаларын төмендету нұсқалары қарастырылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша қолда-ныстағы тарифтердің 2019 жылы төмендеуі алдын ала есептелді.

Павлодар қаласы бойынша:

- жылумен жабдықтау қызметтеріне 3519,32-ден 3287,18 теңге/Гкал-ға дейін, яғни 7%-ға төмендейді;

- сумен жабдықтау қызметтеріне 36,32-ден 32,92 теңге/м3-қа дейін арзандатылады, бұл дегеніңіз 9,4%-ға төмендейді;

- электрмен жабдықтау қызметтеріне 9,8-ден 9,5 теңге/кВт/с-қа дейін, яғни 3,1%-ға төмендетіледі.

Сонымен қатар осы жұмыс Екібастұз және Ақсу қалалары бойынша да жүргізілді. Мұнда тарифтердің төмендеуі 3-тен 6,25%-ға дейінгі аралықта болмақ.

Жалпы, Павлодар облысының әкімдігі халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтер бағаларының апта сайынғы мониторингін жүргізеді. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларында көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылайды.


Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz