Өтініші мақұлданғандардың бірі – Ерасыл Мырзаханов. 27 жасар хирург №3 қалалық ауруханада жұмыс істейді. Ол отбасымен осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген. Биыл мемлекеттік бағдар-ламаның шарапаты тиіп, Тәуелсіздік даң-ғылы, 233 мекенжайы бойынша бір бөл-мелі пәтер сатып алған.

- «7-20-25» бағдарламасы туралы қалалық аурухана басшысы құлағдар етті. Кейін облыс әкімінің қабылдауында болып, аталмыш бағдарламаның мән-жайы туралы толық ақпарат алдым. Осылайша мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болып, қуанышқа кенелдік. Пәтердің алғашқы жарнасы ретінде 1,5 млн. теңге қаржы төледік. Мемлекет тарапынан құны 1 млн. теңге болатын қайтарымсыз қаржы алып, қалған соманы өзім қызмет ететін №3 қалалық ауруханадан 5 жылға пайызсыз несие ретінде алдым. Осы орайда облыс басшылығына, қалалық аурухана басшылығына алғысымды білдіремін. Әр баланың ырыздығы болады дейді. Міне, екі баламызға Құдайдың берген несібесі осы деп білеміз, - дейді Е.Мырзаханов.

Е.Мырзаханов - өңірімізде бағдарлама аясында баспаналы болған үшінші дәрігер. Бүгінде отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ.  Өйткені, қытымыр қыста пәтерден-пәтерге көшкен күндері артта қалды. Енді жас отбасы алдағы мерекелерді жаңа пәтерде қарсы алатын болады.

Облыстық құрылыс басқармасы басшы-сының орынбасары Асқар Ажмұраттың айтуынша, сатылымға шығарылған 341 пәтердің 95-і Павлодар қаласында болса, қалған 246 пәтер Екібастұз қаласында сатылады. Павлодар қаласындағы 95 пәтердің 25-ін жеке құрылыс компаниялары тұрғызған. Ал қалған үйлер «Бәйтерек Development» АҚ-ның бағыты бойынша салынған. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 150-180 мың теңгені құрайды.

- Бастапқыда Екібастұз қаласында пәтерлердің құны бір шаршы метр үшін 135-140 мың теңгені құрады. Ешбір өтініш түскен жоқ. Кейін сатып алушыларға мем-лекеттік қолдау көрсетуді жөн көрдік. Атап айтқанда, облыстық және жергілікті бюджет есебінен субсидиялап, бағасын айтарлықтай төмендеттік. Қазіргі уақытта тұрғындар бір шаршы метрді 100 мың теңгеге сатып ала алады, - дейді  А.Ажмұрат.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ірі кәсіпорын-дармен қызметкерлеріне несие беру бойын-ша келіссөздер жүргізілуде.


Мереке АМАНТАЙ

saryarka-samaly.kz