(Басы газеттің 2018 жылғы №136 санында).

«Кеңес туы» газетінің жұмысын нығай-туға көрнекті партия, совет қызметкерлері жіберілді. Газеттің алғашқы номерінің жарық көруіне, содан кейінгі жылдары округтік партия комитетінің бюро мүшесі болған Әмірғали Епмағанбетов, округтік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Кәрім Әжібековтер зор көмек көрсеткен. Кейіннен бұл азаматтар газет жұмысына белсене араласып, жылдар бойы редакция алқасының тұрақты мүшесі болады. Газет сол кезде жүргізілген саясатқа сәйкес партия алға қойған келелі міндеттерді шаруаларға өз тілінде кең жеткізіп, оның айбынды үгітшісі бола білген.

«Кеңес туы» газетінде редактор болған кездерін, басылымды шығаруда кездескен қиыншылықтарды газеттің тұңғыш редакторы Бейсенбай Кенжебаев кейін былайша еске алады: «Бұрын ешқандай негізі болма-ған газетті шығару, қарапайым тілмен айтқан-да, инемен құдық қазғандай болды. Газет араб әрпімен шығатын болды. Бірақ араб әрпінің өзі де атымен жоқ болатын. Ал табыла қалған күнде тере қоятын әріп теруші де болмайтын. Округтік партия және кеңес атқару коми-теттерімен келісіп, белгілі мөлшерде әріп сатып әкелу үшін Қазан қаласына арнаулы адам жібердік. Ол кісі бұған дейін Қызылорда қаласында баспаханада істеген, азды-көпті тәжірибесі бар Сабыр Шәріпов деген татар жігіті болатын (Белгілі революцио-нер С.Шәріпов емес). Сөйтіп арада үш ай өткенде Қазан баспаханасынан газет шыға-руға жететін әріп пен баспахана жабдықтарын алдық та, іске кірістік. Газеттің бірінші нөмірін шығаруға округтік партия комитетінің бірінші секретарі П.В.Жигарев адам айтқысыз көмек көрсетті. Баспахана жұмысы тәртіп-ке келтіруге, газет және баспахана қызмет-керлерін іріктеп алуға тікелей өзі көмектесіп, қамқорлық жасады. Сонымен, «Кеңес туы-ның» бірінші нөмірін Әмірғали, Кәрім үшеуі-міз қол қойып шығарған едік».

Біз жоғарыда «Кеңес туы» шаруа газеті, ауыл газеті дедік. Ол шаруа газеті деп басы-на жазылған бір-екі ауыз сөзімен ғана шаруа газеті бола алмайды. Ол елдегі кедей, жалшы, орташалар, әйелдер оқитын, оған күнбе-күнгі жұмыстары туралы үзбей жазып тұратын болса ғана ауыл газеті, ауыл еңбекшілерінің жырын жырлап, мұң-тілегін шешетін, басын құрайтын үгітшісі, насихатшысы, ұйымдастырушысы болады. Сондық-тан аудандық партия, комсомол ұйымдары-ның, ұя комитеттері мен жеке мүшелерінің, қосшы ұйымдарының қазіргі міндеті «Кеңес туы» газетін лениншіл газет ету, социалды тұрмысты орнату, оңшылдық-солшылдық, байшыл, ұлтшылдық пікірлерімен, олардың салт-санасымен күресуде шын тап құралы ету болсын. Бүкіл еңбекшілер «Кеңес туы» төңірегіне топтансын. Оның көркеюіне бірі қалмай атсалыссын. Газет – көптің газеті, кедей, жалшы, орташалар, әйелдер, жаңа талапты оқығандар, мұғалімдер «Кеңес туы» газетіне жазсын, жазылсын, оны ауылға көп таратсын, газет алмаған кісі қалмасын, осыны ұмытпауымыз керек».

Округтік «Кеңес туы» газеті бірінші бес-жылдық жылдарында жаңадан пайда болған өнеркәсіп орындарының қалыптасып, өркен жая бастауы, оған атсалысқан жұмысшы-ларды назардан тыс қалдырмаған. «Кеңес туы» өзінің алға қойған міндет-мақсатын абыроймен орындауға күш салады. Ауыл-селоны коллективтендіру, колхоз құрылысын нығайту, бай-кулактарды тап ретінде жою күресінде үгітші де, насихатшы да, ұйым-дастырушы да бола білген.

1929 жылдың соңы, 1930 жылдың бас кезін-де орыс деревнясы мен қазақ ауылдарының шаруалары бай-кулактардың кедергілерін жоя отырып, колхозға кіреді. Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда коллектив-тендіру ісі ұзақ уақытты қажет етті. Колхоз-дастыру Павлодар округінде де кеңінен қанат жая бастайды. Осы тұста 1930 жылдың 14 ақпанынан бастап «Кеңес туы» газетінің аты «Колхоз» болып өзгертіледі. «Колхоз» газеті өз әлінше дәуір жүгін арқалай білген. Ертіс өңірін коллективтендіру, алғашқы бесжыл-дық жоспардың орындалу барысы жайлы үзбей жазып, ұлы іске өз үлесін қосады.

(Жалғасы бар.)

saryarka-samaly.kz