Тұңғыш Президент күні қарсаңында Тереңкөлде «Мастер» сауда орталығы ашылды. Жеке кәсіпкер Ирина Кузнецованың сауда орны екі қабаттан тұрады. 1995 жылдан бастап саудамен айналысып келе жатқан кәсіпкер 2009 жылы аудан орталығында жиһаз және құрылыс материалдарын сатуға арналған сауда нүктесін ашқан.

Аталмыш сауда орындары Железин, Ақтоғай, Аққулы ауданы тұрғындарының қажеттілігін өтеуде. Жаңа нысан да халықтың көңілінен шығуда. Жалпы аумағы 2 300 шаршы метрді құрайтын сауда орнының жоғары қабатында жиһаз орналастырылса, төменгі қабатта құрылыс материалдары саудаланады. Кәсібін нығайтуда кәсіпкер «Даму» Қоры акционерлік қоғамының қолдауымен «Сарыарқа» өңірлік бағдарламасына қатысып, 22 млн. теңге несие алған.

Сауда үйінің ашылу салтанатында түрлі ұтыс ойындары ойнатылып, келушілерге 20-30 мың теңгенің көлемінде сыйлықтар берілді. Бұл ретте жеңімпаздар смартфон, ұялы телефон, үтік, шәйнек, шаңсорғыш сынды тұрмыстық заттарға ие болды. Кәсібін одан әрі нығайтқан кәсіпкердің жаңа нысаны да тұрғындар жиі қатынайтын орынға айналады деген сенімдеміз.


Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz