Шара «Түркісой» ұйымының тікелей қолдауымен іске асып отыр. Бұл ұйым Түркі халықтарының мәдени, рухани бірлігін қолдау мақсатында құрылған. Қазақ мәдениетіне қатысты бұған дейін де Әсет Найманбаевтың 150 жылдығы, «Біржан-Сара» операсының түрік тіліндегі қойылымы сияқты көптеген мәдени шаралар ұйымдастырған. Игі дәстүрдің жалғасы ретінде Естайдың 150 жылдығы тойланады. Оған Павлодар облысынан бір топ зиялы қауым өкілдері мен Естайдың ұрпағы, сондай-ақ дәстүрлі әншілер мен естайтанушылар барады.

Шара барысында Естай әндері шырқалып, ақын бабамыз туралы фильмдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылмақ. Естай өмірі мен шығармашылығына арналып конференция өтеді деп жоспарлануда.

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz