Аталған тренинг журналистерді арнайы дағдыларға оқыту және дін саласындағы ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша тиімді жұмыс тәжіри-бесімен алмасуға ықпал етеді. Сондай-ақ дін саласындағы тақырыптарға қатысты мәселелерді ақпараттық тұрғыдан іске асыру бағыттарын түсіндіруге де жол ашады.

Шараның ашылуында сөз алған Қоғам-дық келісім комитетінің жетекшісі Қайсар Жанаханов қоғамдық пікір және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалып-тастыруда БАҚ өкілдерінің рөлі ерекше екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту саясатын қолдауға, сондай-ақ радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы тұруға және халық үшін қажетті иммунитет қалыптастыруға, дәстүрлі рухани құндылықтарды және зайырлылық қағидаларын ілгерілетуге БАҚ өкілдерін белсене қатысуға шақырды.

Тренингте діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылдағы БАҚ-тың рөлі мен міндеттері туралы ҚР ҰҚК Академиясының Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, сарап-шы-саясаткер Руслан Иржанов және БАҚ-тағы әлемдік және дәстүрлі діндер жайлы қызықты фактілер туралы бұқаралық және корпоративті коммуникациялар жөніндегі маман Рүстем Рахимов баяндап берді.

Тренинг барысында журналистер өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Дін саласындағы өзекті мәселелерді жазу және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау әдістерін талқылады.

Шараға қатысқандарға сертификат-тар табыс етіліп, БАҚ-та діни қызмет сала-сындағы мемлекеттік саясатты үздік ақпарат-тандырған журналистер марапаталды.

- Жалпы экстремистік ұйымдарға және басқа да теріс бағыттағы діни секталарға тойтарыс беретін жалғыз күш - дәстүрлі Ислам діні. Мұны имамдар мен дінтанушы-теологтар да жиі айтады. Ал осыны қарапайым халыққа жеткізуде журналис-тер қауымының қосар үлесі зор. Діни құндылықтарды халыққа жеткізіп, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айқындап беру үшін алдымен біз діни сауатты болуымыз керек. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда мұндай діни семинарлардың маңызы зор, - дейді Тілеуберді Сахаба.

Ұйымдастырушылар алқасы алдағы уақытта да аталған бағыттағы семинар-тренингтерді өткізіп, белгілі дінтанушылармен, теологтармен, ғалымдармен жұмыс жасайтынын айтты.


А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz