Бұл туралы Алматы мәсли-хатының VI шақырылымының жер-гілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты бойынша комиссиясының отырысында белгілі болды.

Иманжүсіп Құтпанұлының немересі, философия ғылым-дары-ның докторы Раушан Иманжүсіптің сөзінше, батырдың есімін Алматы көшелерінің біріне беру мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген. Яғни, Алматы әкімдігіне арнайы хат жолдап, жергілікті БАҚ беттерінде материалдар жарияланған. Ұрпақтары берген ұсыныс биыл қолдау тауып, Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы бұрынғы Остроумова-2 көшесін батырдың есімімен атау жөнінде шешім шықты.

- Алматы жұртшылығы Иманжүсіп Құтпанұлын жақсы біледі. Бабамыздың әндерін де көп әнші орындайды. Сондықтан болар, бұл өңірде батырдың өмір тарихын насихаттау бағытындағы шаралар жиі болып тұрады. 2013 жылы батырдың 150 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде тойланды, былтыр Иманжүсіп әндерінен концерт ұйымдастырылды. Осы мәселеге оң көзбен қарап, көшеге атын беруге атсалысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевқа барша ұрпақтары атынан алғыс айтамын, - дейді Раушан Иманжүсіп.

Батыр әрі әнші жерлесіміз Иманжүсіптің есімі осыдан он жыл бұрын Астана көшелерінің біріне берілген болатын. Сонымен қатар, 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақсу қаласындағы спорт сарайына қойылып, ескерткіш орнатылды. Енді Павлодар қаласынан бір көшеге және өзі туып-өскен Ақсу қаласына қарасты Құркөл ауылына есімін беру мәселесін көтеремін, дейді немересі.


Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz