Арман Жанаев пен Самат Аймолдин өткен жылдың күзінен бастап ауыл-ауылды аралауды бастады. Басты мақсат – елді мекендегі бүлдіршіндер мен ересек қауымға 3D форматындағы кино-ларды көрсету. Мұндай жобаны көп ауылда ойын-сауық орталықтарының болмай, тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақыты тиімді қамтылмағандықтан бастапты.

- Мен - Железин ауданы Жаңа Жұлдыз ауылының тумасымын. Біздің ауылда ешқашан кинотеатр болған емес. Сондықтан болар, облыс орталығына жол түсе қалса, үлкен экраннан кино көруге асығатынбыз. Кейін ауыл балалары үшін бос уақытты қамтуға толық-қанды жағдай жасалмағанын байқадым. Түрлі спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер болғанмен, әркімнің оған икемі келе бермейді. Ауылда тұратын замандастарымның да «ауылда кешкі уақытта істерге іс таппай, ішіміз пысады» дегенін естідім. Осыны ескеріп, жылжымалы кинотеатр жұмысын қолға алуды ойладық, - дейді Самат Аймолдин.

Серіктесі, «БМ Павлодар» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Арман Жанаев мұнда нарықтық сұраныс та назарға алынғанын атап өтті.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

 

Қоғамға қозғау салған жаңа бағдар

Жуырда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзіндік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Тарихтың толқындарын таразылаудан басталып, ұлт болмысын барынша бағамдаумен байланысып, мемлекеттік атқаруы тиіс міндеттерін межелеп берген мақала біздің де тебіренуімізге түрткі болды.

 


Бауыржан МОМЫШҰЛЫ:

«Ұлыма айтарым»

• Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
• Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын.
• Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
• Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.
• Таспен атқанды аспен ат - жеңісің. Содан кейін алшақ жүр.
• Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
• Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
• Өзіңді сыйла, өзгелер сыйласын.
• Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
• Құмар ойын - әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
• Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ ешкімді пір тұтпа!
• Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
• Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің тола тындай өмір сүр.
• Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.

Жалғасы бар...

saryarka-samaly.kz