«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі журналистік жолда жақсы көрсеткіштерге ие болып, оң нәтижелерге жеткен, өз ісінің нағыз шеберлеріне ғана берілетін марапат. Бұл ретте Сая Молдайыпқызының қара-шаңырақ - облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне қосып келе жатқан қомақты үлесін айта кеткен жөн болар.

Қабырғалы журналистің қаламынан туған дүниелер үнемі оқырман жүрегінің төрінен орын алып келеді. Оның газет бетінде жүргізетін «Айналайын» қосымшасы жанамын деген талай жасқа от берсе, «Саяның сұхбаты» секілді соны дүниелерін жас та, жасамыс та іздеп жүріп оқиды. Қаламынан үнемі қазақылықтың иісі аңқитын журналистің рухани тақырыптарда жазған құнды дүниелері - өз алдына бір төбе.  «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығы қарсаңында еңбегі еленіп, жоғары марапат иеленген Сая Молдайыпқызына зор денсаулық пен шығармашылық шабыт тілейміз! Алар асуы алда болып, жазары таусылмасын!

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz