Ерлер мен әйелдер арасын-дағы ел чемпионаты Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында өткен. Серік жарыстың жартылай финалында 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагана есімді палуанды тізе бүктірсе, финалдық кездесуде Д.Цэрэннямнан басым түсті. Соңғысы да - күрестің бірнеше түрінен республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген атақты спортшы.

Серік Бердімұратұлының бұл жеңісі - Баян-Өлгей халқы үшін үлкен қуаныш, бұрын-соңды болмаған айрықша жетістік. Себебі, бұған дейін бұл аймақтан бірде-бір спорт-шы дзюдодан ересектер арасында алтыннан алқа тағынбаған. Яғни, Серік Баян-Өлгей аймағынан шыққан алғашқы чемпион ретінде аты тарихта қалары анық.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Бердімұратұлы 2017 жылы елімізде өткен «Әлем барысы» турнирінде бақ сынап, жарты-лай финалда қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаровтан жеңілген болатын.

Әзірлеген – Тілеуберді САХАБА.

saryarka-samaly.kz