Ойын бастала салысымен басымдықты қолға алуға тырысқан жерлестеріміз кезде-судің алғашқы минутында-ақ есеп ашты. Мер-гендігімен танылған - «Ertis» командасының қорғаушысы Евгений Мошкарёв. Арада 1 минут уақыт өтпей жатып павлодарлық хоккейші-лер есепті еселеді. Бұл жолғы шайбаның авто-ры - «Ertis» хоккей клубының шабуылшысы Артур Шетле. Ойынның 20-шы минутында Александр Воробьёв есепті 3:0-ге жеткіз-ді. Кездесу соңына дейін қалай да есеп ашу-ды көздеген қонақтарымыз кездесудің 36 ми-нутында 1 шайбамен жауап қатты. Шеберлі-гімен көзге түскен - Виталий Андрейкив.

Келесі күнгі қарымта ойынға тас-түйін дайын шыққан петропавлдық спортшылар мұз үстінде ерекше шеберліктерімен көзге түсті. Кездесудің 16-шы минутында «Құлагердің» шабуылшысы Денис Стасюк есеп ашты. Бұдан соң Дмитрий Исмагилов есепті 0:2-ге жеткізді. Тек кездесудің 24-ші минутында «Ertis» хоккей клубының шабуыл-шысы Степан Филонов ұпай санын қысқарт-қан. Алайда, бұл шайба жерлестеріміздің жағдайын айтарлықтай жеңілдете алған жоқ. Ойынның соңына дейін «Құлагердің» жігіттері «Ertis» қақпасына тағы да 5 шайба енгізді.

- Ойынның алғашқы күні біздің жігіттер қонақтарға қарсы жақсы ойын өрнегін көр-сетті. Өкініштісі, біз басымдықты қарымта ойында ұстап тұра алмадық. Намысқа тырыс-қан қарсыластарымыздың ұпай үшін барын салғандығы байқалып-ақ тұрды. Петропавл-дық спортшылардың осы қыры маған ұнады. Ал біз кеткен есені Атыраудың «Бейбарысына» қарсы ойында қайтаратын боламыз, - дейді «Ertis» хоккей командасының бас бапкері Алексей Фетисов.

Биылғы маусымда барлығы 42 ойын өткізген «Ertis» хоккей клубы 88 ұпаймен турнир кестесінің 2-ші орнына жайғасты. Көш басында 89 ұпай еншілеген көкшетаулық «Арлан» клубы тұр. «Арлан» бүгінге дейінгі өткізген 40 кездесудің 26-сында жеңіске жеткен. «Ertis» хоккей клубы келесі ойынын қаңтардың 16-17 күндері Атыраудың «Бейбарысымен» өткізетін болады.

 

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz