(Басы газеттің 2018 жылғы №136, 140, 2019 жылдың №1, 3 санында).

Жергілікті органдармен, ав-торлармен, тілшілермен байла-ныс нығаяды. Редакция жанынан «Әдеби Павлодар» атты әдебиет бірлестігі ұйымдастырылып, онда талапкерлердің жазғандары оқтын-оқтын талқыланып отырған. Бұған сол кезде редакцияда Әбдікәрім Ахметов, Төлеужан Ысмайылов, Мүбәрак Жаманбалинов, Күлән Шілдебаева, Ілияс Оспанов, Қажымиден Айтжанов, Боранғали Ырзабаев, жас жазушылар Рамазан Тоқтаров, Көкеш Әміржанов және басқа да талапкерлер белсене қатысқан. Бұл кезде «Әдеби Павлодар» атты қолжазба журнал да шығып тұрған.

Көптеген баспасөз орындарында істеп әбден ысылған, мол тәжірибе жинақтаған О.Құдышев қандай материалды болсын жыға танып, жанрлардың табиғатын жетік білген.

О.Құдышев редактор ретінде ұйымдастырушы ғана емес, на-ғыз тәрбиеші де бола білген. Қала-мының желі бар, дарынды жас-тарды, кейбір кемшіліктеріне қарамастан қолдап, демеп, олар-ға қамқорлық жасаған. Ақын Төлеужан Ысмайыловтың дары-нын бағалаған, Рамазан Тоқтаров-ты шет тілдер институтын бітіріп, шалғай аудандағы бір мектепте француз тілінен сабақ беруге кетіп бара жатқан жерінен редак-цияға алып қалған, сөйтіп кейін оның белгілі жазушы болып қалыптасуына септігін тигізген.

Облыс индустриясы дамыған зор өлке десек, соның бәрінде, мейлі ол тың төсіндегі алғашқы түрен болсын немесе Ертіс-Қарағанды каналының ғажап құрылысы болсын, мейлі алғашқы тракторды құрастыру сәті бол-сын, немесе мұнай айыру зауы-тының алғашқы өнімі болсын – осының бәрінде де бұқаралық ақпарат құралдары, журналистер мен жұмысшы және село тілшіле-рінің жүрек оты, шығармашылық тебіренісі, еңбек үлесі бар. Мәсе-лен, Қалмұқан Исабаевтың «Қызыл ту» газетінің 1979 жыл-дың 17 сәуірінде жарық көрген «Канал қалай қазылды» атты мақаласы Ертіс-Қарағанды кана-лының қалай салынғаны жөнінде мол мағлұмат береді.

Тың игеру жылдары орталық-тың жүргізген саясатының ықпа-лымен қазақ ұлттық мектептері бірінен соң бірі жабылып жат-қан кезде облыстағы қазақ тілін-дегі жалғыз басылым «Қызыл ту» газеті де осындай халге ұшыраған. 1963 жылы сәуірде шыға бастағанына 34 жылдан асқанда «Қызыл ту» кенеттен жабылады. Кеңестік биліктің саясаткерлері жұртшылыққа түсінік берместен, тыңдағы бес облыста шығып тұрған қазақ газеттерін жауып тастайды. Бұған дейін Тың өлкесінің орта-лығында өлкелік «Тың өлкесі» газеті шығып тұрған. Жоғары жақ осы газетті нығайтуды көз-дедік деп сыңаржақтылау дәлел айтады. 1963 жылы сәуір айының басында «Қызыл ту» газетінің ұжымы жақтаушы, қорғаушы іздеп бағады. Бірақ бұдан еште-ңе шықпайды. Жұмыссыз қалған газеттің қызметкерлері жұмыс іздеп жан-жаққа кетуге мәжбүр болады. Осылайша Кәрмұқан Бекбергенов «Социалистік Қазақстанға» меншікті тілші болады. Әбдеш Баймұрзин Жамбыл облыстық газетіне, Төлеубай Төлеубеков облыстық радиоға жұмысқа орналасады. Ал Жылқайдар Қарпықов, Айтжан Бәделханов, Мүбәрак Жаманбалинов, Төлеубек Қоңыров «Тың өлкесі» газетіне шақырылады. Сөйтіп «Тың өлкесіне» орталық басылымдары жабылған бес облыстың 19 тілшісі жұмысқа қабылданады.

Жұмыс табылып, көңіл жайланғанмен, облыстағы жалғыз қазақ газетінің кеңсесі бос қалуы газет тілшілерінің жанына қатты батты. Солақай саясат-тың әсерінен газет мыңдаған оқырмандарынан айырылып қалады. Бір қызығы, Қазақстан Компартиясы облыстық коми-тетінің екі органының бірі – орыс тіліндегі газет қалалық болып Павлодарда жұмыс істеп қала береді. Қазақ газеті тілшілері бұған іштей қынжылғанымен, мәселені ашық айтуға кеңестік қысымның қаһарынан сескенеді. Тарихта талай боздақтардың нақақтан күйіп кеткенін білетін олардың елге қарай құлақ түруден басқа амалы қалмайды. Тілшілер «Газеттің ашылуы мүмкін бе?» деп облыстық партия комитетіне хат та жаза-ды. Алайда В.Онуховтың қолы-мен: «Возобновление выхода газеты «Қызыл ту» не предвидит-ся», - деген шолақ хабар келеді.

1964 жылдың қазанында Тың өлкесіне Н.С.Хрущев келеді. Мұнда бір-екі күн болған соң ол Фрунзеге ұшып кетеді. Бұл оның соңғы сапары болады. Көп ұзамай «Өлке тарайды, облыстық газеттер қайта ашы-лады» деген жағымды сөздер естіле бастайды. Осылайша, 1965 жылдың желтоқсанында Алматыдан Шахмардан Есенов бастаған «Тың өлкесін» тарату комиссиясы келіп, жұмысқа кіріседі. Өлке таратылған соң, «Тың өлкесі» газеті де жабылады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар облыс-тарында бұрынғы облыстық газеттер қайта ашылып, тілшілер елге оралады. Сонымен, «Қызыл туға» бұрын бытырап кеткен қызметкерлер қайта жиналады. Кәрмұқан Бекбергенов – редактордың орынбасары, Айтжан Бәделханов – жауапты хатшы, Мұхаметжан Дәуренбеков пен Төлеубек Қоңыров бөлім меңгерушілері болады. Сондай-ақ редакцияға облыстық радиодан Төлеубай Төлеубеков, Павлодар аудандық «Нива» газетінен Күлбарам Жұмашева келеді, Жүрсін Бітебаев пен Боранғали Ырзабаев та қайта оралады. ҚазМУ түлектері Қажымұрат Смағұлов, Бақыт Баймұратов, Ақкөл орта мектебінде ұстаз болып жүрген Өскенбай Тастемханов қатарға қосылады. ТАСС – ҚазТАГ тілшісі Қаһарман Нұртазин де «Қызыл ту» газетіне қызметке келеді. Фотоательеде суретші болып жүрген Еренбақ Әлжанов ұжымға қосылады. Ендігі мәселе «Қызыл тудың» оқырмандарын қайта тауып, жазылуды ұйымдастыру болды. Осы мақсатпен жан-жаққа жіберілген газет тілшілері сақыл-даған сары аязға қарамай, аудандарға жол тартады. Осы сапарда ауыл-селолардағы жұртшылық үш жылға жуық уақыт ішінде өз газетін тосырқап қалғаны байқалады.

(Жалғасы бар.)

Торғын ОРАЗАЛЫ.

saryarka-samaly.kz