Аудандық мәслихаттың депутаттары үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Аймақ басшысы Болат Бақауов жаңадан тағайындалған әкімге бірқатар тапсырмалар берді. Әлеуметтік мәселелерге мән беруді тапсырды. Ауданның 2019 жылға арналған бюджетін қалыптастырып, жобалық-сметалық құжаттамаларға мониторинг жасау арқылы қаржыны тиісті салаларға бағыттау қажет, деді.

- Аққулы ауданы ауыл шаруашылық өнімдері мен көкөніс дақылдарын өндірумен ғана емес, туризм бағытында да тартымды болып отыр. Қазір аудан арқылы елорданы Семей қаласымен байланыстыратын автожол бар. Өткен жылы туристерге қолайлы жағдай жасау үшін электр желілері тартылды. Аудан бойынша туризмді дамыту жоспарын түзіп, туристік кластер құру кәсібін белсендіруді тапсырамын, - деді Б.Бақауов. Сондай-ақ, негізгі тапсырмалардан бөлек ағымдық жағдайды бақылауда ұастауды жүктеді.

Абзал Балғабаев 1974 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1998 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша және 2000 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар облысының жекешелендіру бойынша мемлекеттік комитетінің маманы болып бастады. Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2004-2012 жылдар аралығында Павлодар облысының Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етті. 2012-2014 жылдары Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болды. 2014 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz