Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде Чехословакияның Прага қаласында туған. Ол 17 жасында туған қаласы - «Спарта Прага» командасының сапында спорттық жолын бастады. Сондай-ақ Чехословакия және Чехия құрамаларында жартылай қорғаушы болып өнер көрсетті. Футболшы ретіндегі мансабын 2000 жылы аяқтап, бапкерлік қызметке ауысты. Бұл қызметті ол Чехияның «Теплице» клубын жаттықтырудан бастады. Бұдан соң «Картахинес» (Коста-Рика), «Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы - Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия), «Фастав Злин» (Чехия) футбол клубтарында бапкерлік қызмет атқарды.

Михал Билек бапкерлік қызметте көпте-ген жетістіктерге жетті. Ол жаттықтырған «Спарта Прага» командасы 2006/2007 жыл-дарда Чехия чемпионы атанып, ел кубогын иеленді. 2003 жылы Михал Билектен тәлім алған Чехия жастар құрамасы 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының қола жүлде-гері атанған. 2012 жылы Чехия ұлттық құра-масы Еуропа чемпионатында тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.

Ұлттық құраманың тізгінін ұстаған Михал Билектің бапкерлер штабына көмекші ретін-де словакиялық маман Михал Хипп пен жер-лесіміз, павлодарлық Талғат Байсуфинов енді. Ал Николай Родионов қақпашыларды жаттықтыратын болып бекітілді. Жаңа құрам-дағы бапкерлер командамыздың бабын тауып, бағын ашса игі.

 

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz