Федерация президентінің айтуынша, аталмыш жобаны Республикалық футбол федерациясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда.

- Бұл бағдарламаның басты мақсаты – мектеп оқушыларын жаппай аяқдоп спортына тарту, қызығушылықтарын ояту және спорт мектептеріне сапалы кадр дайындау. Павлодар облысы бойынша 66 мектепке осындай әдістемелік құрал табыс етілді. Қазіргі күні сол мектептерде футбол әдістемесіне аптасына үш сағат бөлінді. Бүгінде бағдарлама аясында 1-11–сыныптарда оқитын 20 мыңнан астам оқушыға футбол сабағы үйретілуде, - дейді Ұлан Еркінұлы.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 3660 спорт секциясы ұйымдас-тырылған болса, оның 390-ы аяқдопқа арналып, 6587 оқушы жаттығуда. Міне, бұл жоба бүгінгі күні өз нәтижесін беруде. Атап айтсақ, 2018 жылы Ұлттық мектеп лигасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Былғары доп» турнирінде біздің оқушылар 1-орынды жеңіп алған.

- Аталмыш пилоттық жоба әзірге облыс бойынша 66 мектепте қолданылып жатқан болса, бола-шақта осыған ынта білдірген басқа мектептерді де енгізуіміз мүмкін. Себебі, бағдарламаның нәтижесі жаман емес. Бізде футболға ғана емес, спорттың басқа түрлеріне де көңіл бөлінуде. Мысалы, респуб-лика бойынша біздің облыста ғана мектеп бағдарламасына шахмат сабағы енгізіліп, арнайы кабинеттер ашылды. Бұл салаға облыс бюджетінен қомақты қаржы қарастырылды, бап-керлерге еңбекақы белгіленді. Бұдан бөлек, хоккей ойыны да жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Бұл - біздің өңірдің табиғи ерекшелігі. Сонымен қатар, өңірде бокс және күрес секциялары көптеп ашылуда. Бұл спорт түрлері бойынша мектеп оқушыларының 77 пайызының айналысуына жағдай жасалған, - дейді кездесуге қатысқан облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

 

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz