(Басы газеттің 2018 жылғы №136, 140, 2019 жылдың №1, 3, 6, 9 санында).

Газетте 90-жылдары жұмыс істеген аға буын журналистер Әжібек Жүсіпов, Мұхамеджан Дәуренбеков, Төлеубек Қоңыров, Қажымұрат Смағұлов, Тұрсынбай Ибадуллин, фототілшілер Еренбақ Әлжанов, Қаһарман Нұртазаның шығармашылығы, ізденіс жолдары оқырман қауымға жақсы таныс. Кейінгі толқын журналистерден Бақыт Баймұратов, Өскенбай Тастемханов, Жанат Тұрғанбеков, Фарида Бықаева, Жұмаш Жұмаділова, тағы басқалары аға журналистер жолын сенімді жалғастырды.

1998 жылдың шілдесінен 2011 жылдың қазан айына дейін облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне Мұхит Омаров басшылық етіп келді. Аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) шығып тұратын газеттің құрылтайшылары облыс әкімі (облыстық әкімдік), облыстық мәслихат және журналистер ұжымы болып табылды. Газеттің тыныс-тіршілігі заманына қарай жаңарып, өзгерді. «Сарыарқа самалы» газеті елімізде тәуелсіздіктің туы көтерілгеннен кейін де жаңа өмірдің сан са-ласын қамтыған іргелі мәселелерді көтеріп, қалың оқырман көңілінен шығып жүр. 1999 жылы «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы М.Омаровтың облыстық газет басшылары арасында алғаш рет Президент Н.Назарбаевтың қабылдауында болуы басылымның елге танылып, беделі арта түскенінің белгісі еді.

Басылымның шығармашылық ахуалының кеңіп, нығая түс-кеніне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылы газетке берген жоғары бағасы айғақ. Президенттің Алғыс хатында: «Республикамыздың байырғы басылым-дарының бірі «Сарыарқа самалы» Павлодар облысының өмірін кеңінен қамтып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларды дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосып отыр. Газет бетінде қоғамдық өмірдің сан саласын бейнелейтін тақырыптар сындарлы жазылып келеді», – делінген.

Басылымның сыртқы түрі мен мазмұны мүлдем өзгерді. Басылым көкейтесті мәселелер-ді үнемі көтеріп отырды. Газет журналистері әрқашан ел ішін-де, халық ортасында жүреді, кейіпкерлерімен етене араласты. Екібастұз, Ақсу қалаларында өткізілген «Сарыарқа самалы» газетінің күндері – осының айғағы. Осы шараның аясында оқырмандармен кездесулер, мәдени-спорт шаралары ұйым-дастырылған. 2003 жылы «Ауыл тағдыры – ел тағдыры» атты арнайы экспедициямен газет журналистері облысымыздың үлкенді-кішілі барлық аудандарына барып, халқымен жүздесті. Нәтижесінде елде болып жатқан жаңалықтар, әзірше шешімі табылмайтын проблемалар газет беттерінен кеңінен орын алды. 2004 жылдан бастап «Айдын» атты әдеби альманах-қосымшасы шыға бастады. Бұл өңіріміздегі әдебиетсүйер қауымның сұра-нысын қанағаттандырып, оқыр-мандардың жергілікті ақын-жазу-шылар шығармашылығымен та-нысуына мол мүмкіндік тудырды.

Атап өтерлігі, басылымның 2010 жылдан бері интернетте дербес сайты жұмыс істейді.

Облыстық басылымға 2011 жылдың қазан айынан 2015 жылдың күзіне дейін Асыл Әбішев бас редакторлық етті. Оның тұсында газет оқырмандар сұранысы мен заманға сай трендтерге орай жаңарып, өзгере түсті. Басты тақырып – егемен еліміздің күннен-күнге нығайып келе жатқан экономикасы әлеуметтік, рухани тұрғыдан жаңарып, толуы, салт-дәстүріміздің жаңғыруы. Осыған байланысты газет жанрлары да, стилі де уақыт талабына сай түрленді.

Осы жылдары газеттің алыс ауылдағы оқырмандармен байланысы да дамытыла түсіп, аудандарда жұртшылықпен кездесулер ұйымдастыру бір ізге қойылды. Аудан-қалалардағы қазақ газеттерінің редакторларымен тәжірибе алмасу, сала-дағы мәселелерді талқылауға қатысты конференциялар ұйымдастырылды. Басылым 2013 жылы Астанада өткен республикалық «MEDIA EXPO–2013» көрмесіне облыстар арасынан жалғыз қатысып, ұйым-дастырушылар тарапынан арнайы сертификатқа ие болды. Ал 2014 жылы газет өзінің 85 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Журналистер академиясы-ның жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» дипломын иеленді.

«Сарыарқа самалы» редакциясы - көптеген қаламгерлерге өмірге жолдама берген құтты босаға, тәлім-тәрбиесі мол ұжым. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, халықтар арасын-дағы достықтың нығаюына қомақты үлес қосуда. Газет беттерінде экономикалық рефор-маның жайы, нарықтық қатынастардың дамуы арқау болуда. «Сарыарқа самалы» газеті өзін-дік тарихы, дәстүрі бар егеменді еліміздің ерекше басылым-дарының қатарына жатады. Себебі газеттің көтерген мәселелері, мақалалары, пікірлері бүгінгі заман талабына сай ұйымдастырылып, жарияланып отыр. Өнегелі дәстүрі мен тағылымы бар бірегей басылым деген пікір айтуға болады. Облыстық қазақ басылымдарының арасында «Сарыарқа самалы» өзіндік бағытымен, идеясымен ерекшеленеді.

Бұқаралық ақпарат құрал-дарының бетінен бүгінгі таңда өзекті мәселелер көптеп көте-рілуде, соның ішінде «Сарыарқа самалы» газеті қомақты жайларды арқау етуден талмайды, ізденісі мол.

 

Торғын ОРАЗАЛЫ.

saryarka-samaly.kz