Жарысқа 10 аудан мен Екібастұз және Ақсу ауылдық аймақтары, сондай-ақ өңірдегі 3 қаладан барлығы 100-ден астам спортшы қатысты. Шаңғы жарысына қатысқан 15 команданың әрқайсысының сапында 4 адам (2 ер, 2 әйел) өнер көрсетті. Ерлер 5 км қашықтықта шеберліктерін сынға салса, әйелдер 3 шақырымды шаңғымен жүріп өтті. Қалалар арасында өткен сайыста павлодарлық шаңғышылар алтыннан алқа тақты. Ақсу шаһарының спортшылары 2-орынды жеңіп алса, екібастұздық үміткерлер үштікке табан тіреді. Аудандар арасында өткен дода Железин спортшыларының жеңісімен аяқталды. Ақсу ауылдық аймағының шаңғышылары күміспен күптелсе, Тереңкөл ауданының спортшылары қоланы қанағат тұтты.

Спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық ойын түрлері бойынша XXI Павлодар облысының кешенді спартакиадасы алдағы уақытта президенттік көпсайыс бойынша жалғасатын болады. Жарыс 28 ақпан мен 2 наурыз күндері өтеді деп жоспарлануда.

 

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz