Жарысқа Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Петропавл, Семей өңірлерінің автошабандоздарымен бірге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қаласының спорт-шылары қатысты. Ауа райының қолайсызды-ғына қарамастан мұз үстіндегі «майдан» тартысты өтті. Белгіленген қашықтықты 0:48:17 уақыт көрсеткішімен аяқтаған алматылық спортшылар Петр Бородин мен Роман Чепрасов аталған кезеңнің алтын жүлдесін мойындарына тақты. Екінші орыннан көрінген жерлестеріміз олардан 2 секундқа жуық уақыт (0:50:11) қалып қойды. Ал 0:51:59 уақыт аралығында мәреге жеткен қарағандылық автошабандоздар Виталий Сапожников пен Борис Мачкалян доданың қола жүлдесін еншіледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен кубоктар, грамоталар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қысқы ралли-спринт жарысы республи-ка бойынша 2007 жылдан бері «Самұрық» деген атпен ұйымдастырылып келеді. Бұл сайыс жыл өткен сайын еліміздегі кәсіпқой және әуесқой автошабандоздардың шеберлігін шыңдай түсуде. Бұған дейін Павлодар қаласында алғаш рет аталған Кубоктің кезеңі 2011 жылы өткізілген еді.

 

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz