«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген- дей, Ынтымақ ауылының оқушылары- ның арасында білімнен, спорттан, өнерден көзге түсіп, жүлдегер атанып жүрген оқушылар баршылық. Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Қарақат Айтикенова өткен жылы облыстық шахмат турнирінде командалық ойында ауданның І орын алуына үлкен үлес қосты. Қарақат 4-сынып- тан бастап тәлімгер ұстазы, мекте-біміздің дене шынықтыру мұғалімі Е.Абайілдиновтің әзірлеуімен аудан- дық шахмат, дойбы сайыстарына қатысып, әр сайыста алдыңғы қатардан көрініп, жүлделі орындарды иеленді. «Шыныққан шыңдалар» демекші, биылғы аудандық шахмат турнирінде де Қарақат пен Емел Талғат екеуі командалық ойында І орынды иеленді.

Сондай-ақ, 6-сынып оқушысы Айсана Еркін де балабақшадағы кезінен сахнадан түспейтін өнерлі болатын. Айсана да мектеп мақтанышына айналды. Ауданда өтетін түрлі оқулардың ән сайысында қашанда жүлделі орындардан көріне білген Айсана былтырғы күзде Екібастұз қаласында өткен ІІ республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша І орынға ие болып, мектебіміздің мәртебесін бір биіктетіп тастаған болатын.

Оқушыларымызға қашанда осындай биік шыңдардан көрініп, армандарының асқақтай беруіне шын жүректен тілектестігімізді біл- діріп, ақ жол тілейміз.

Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебі мұғалімдер ұжымы.


Қариялар - ауылдың көне көзі

Біздің мектепте 10 қаңтар - 10 ақпан аралы- ғында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырыл- ды. Бұл шараның негізгі мақсаты - үлкендерге қол ұшын беріп, құрмет көрсету.

«Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдыңнан шығады, қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халқымыз. Міне, осыны негізге алған мектеп оқушылары айлыққа, бір кісідей атсалысты. Ауылдағы қарттардың үйлеріне барып, хал-жағдайларын білді. «Көп жасаған қария ақылы - теңіз дария» дегендей, олардың әңгімелерін тыңдадық. Ауылымыздағы Зикен апа 80 жастан асқан. Ол - ұлттық қол өнерінің шебері. Қыз балаларға жұмыстарын көрсетті, ісмерліктің қыр-сыры туралы әңгімеледі. Айман апа мен Бәдиша апа балаларға ұлттық тәлім-тәрбиенің маңызы туралы, туған ел мен туған жерді қадірлеу баршамыздың парызымыз, ол үшін жақсы оқып, өнегелі азамат болып өсу керектігін айтты. Қариялар оқушыларға ризашылық білдіріп, бата берді.

Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің ұжымы, Ертіс ауданы.


Өнерлі өрге жүзер

Ынтымақ негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Төлеш Бекжан Нұрланұлы - болашағынан үміт күттіріп жүрген талапты оқушыларымыздың бірі. Ол бастауыш сыныптан бастап білімге деген құштарлығын байқатты, әсіресе әдебиетке деген ынтасы айрықша. Аудандық «Мүбәрак оқуларына» қатысып, талай рет жүлделі орындарға ие болды. Жоғарғы сыныпқа келгеннен кейін өлең жаза бастады. Дарынды оқушымның талабын шыңдау үшін аудандық Иса, Мағжан, Абай, Махамбет, Аманжол оқуларына дайындап, қатыстырып отырамын. Төлеш Бекжан биылғы оқу жылында өткен «Мағжан оқуларында» ІІІ орын, «Иса оқуларында» ІІ орынға ие болды.

Өнерің өрге баса берсін, дей отырып, «Айналайын- ның» оқырмандарына өлеңдерін жолдадық.

Айнагүл АЙТМАҒАМБЕТОВА, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.


Рахмади - талапты бала

Рахмади Құдайбергенов 1-сыныпта оқиды. Оның оқуға ынтасы өте жақсы. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқиды. Ауданымыздан шық- қан белгілі ақын Мүбәрак Жаманбалиновтңң өлеңдерін жатқа айтуда «Балалар әдебиетінің бір бәйтерегі» атты номинациясында І орын- ға ие болды. «Қазақстан ұстаздары» редакциясы мен «Talent Academy» ұжымының қолдауымен өткізілген Республикалық «Мәнерлеп оқу» атты дарынды оқушылар байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Рахмадидің алар асуы әлі алда деп білеміз.

А.АБАЙІЛДЕНОВА, 1-сынып жетекшісі.


Иса атама арнау

 

Ел бақытын аңсаған, армандаған,

Сіз едіңіз қиялшыл, арманды адам.

Қазағымның біртуар азаматы,

«Қалаулысы халқымның» – алған бағаң.

 

Киелі туған жері - қара Ертісі,

Озбырлықты бетке айтар ел сыншысы.

Өз елінде танымал боп Иса атамыз,

Ақындардың ішінде ең мықтысы.

 

Көгімізде жұлдыз болдың жарқыраған,

Таусылмайтын бұлақ ең сарқыраған.

Мұраңыздан қалдырған нәр алмасам,

Мен қалай жетілемін, артыла алам?!

 

Бекжан ТӨЛЕШ, Ынтымақ негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы.

saryarka-samaly.kz